Maqsut Narikbayev University-де Astana Case Championship студенттік конкурсы өтті. Сайыс McKinsey & Company халықаралық консалтингтік компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Үш күндік кейс-чемпионат MNU мен Nazarbayev University-дің 25 студентін біріктірді. Қатысушылар стратегиялық талдау және бизнес міндеттерді практикалық шешу дағдыларын дамытты. Бұдан басқа, McKinsey & Company консультанттары кейстерді құрылымдау методологиясы, гипотезалар құру мен негізделген басқару шешімдерін қалыптастыру тақырыптарына арналған воркшоптар мен практикалық сессиялар сериясын өткізді.
Сайыс бағдарламасы нақты консалтинг форматына толық ену қағидаты бойынша құрылған болатын. Студенттер мәліметтерді талдап, стратегиялар әзірлеп, презентациялар дайындады. Кейс-чемпионат қатысушыларға кейстерді шешу бойынша жүйелік база алуға және халықаралық консалтингтік компания жұмысының ерекшелігін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.
Айта кетейік, Astana Case Championship жыл сайын студенттердің аналитикалық, стратегиялық және таныстыру дағдыларын дамыту, сондай-ақ басқару консалтингі саласындағы кәсіби қызметке қызығушылығын қалыптастыру мақсатында өткізілуде.








