MNU Logo
Қазақстандық құқықтанудың болашағы: MNU студенті кейс-чемпионатында 500 000 теңге иегері атанды - MNU

17.04.2025

Қазақстандық құқықтанудың болашағы: MNU студенті кейс-чемпионатында 500 000 теңге иегері атанды

Бүгін Maqsut Narikbayev University құрметті MNU түлегі, заңгер, Sayat Zholshy & Partners Заң компаниясының аға серіктесі – Арман Бердалиннің бастамасымен ұйымдастырылған азаматтық құқық бойынша кейс-чемпионат өз мәресіне жетті.

Байқау тақырыбы – заңды тәуекелдерді талдау және Қазақстанда бизнесті сатып алу кезінде құқықтық қорғауды қамтамасыз ету – қатысушылардан терең құқықтық білімді, қазіргі қазақстандық практика жағдайында стратегиялық ойлау және заңдық шешімдерді негіздеу қабілетін талап етті.

Арман Бердалин әр жұмыспен жеке танысып, сараптамалық кері байланыс беру арқылы студенттерді өзінің шынайы көзқарасымен шабыттандырып, салтанатты түрде жеңімпазды жариялады. Бас жүлде – 500 000 теңге сомасындағы сертификаттың иегері MNU Жоғары құқық мектебінің 3 курс студенті Темірлан Абдуллин болды.

Темірлан – жай ғана үздік студенттердің қатарынан болып қана қоймай, сонымен қатар, AIFC Moot Court, Tukulov Moot жарыстарына, сондай-ақ халықаралық арбитраждық байқауларға қатысқан тәжірибелі студент. Отбасында ол – екі қарындасы мен інісіне қамқор аға, ата-анасының сенімі. Ал университет қабырғасында дарынды, мақсатшыл әрі ұстанымы берік азамат, оны еліміздің құқық саласындағы болашақ көшбасшысы деуге толық негіз бар.

Біз Арман Бердалин мырзаға талантты студенттерді қолдағаны, кәсіби көзқарасы және заңгерлердің жаңа буынын шабыттандыруға ұмтылғаны үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Мұндай бастамалар тұрақты құқықтық мәдениетті құруға және Қазақстанда заңгерлік кәсіпті дамыту үшін берік негіз қалыптастыруға көмектеседі.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз