2023 жылдың 5-9 маусым аралығында Мақсұт Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде Неміс құқығы күндері өтті.
КАЗГЮУ Университетінің Әкімшілік және Неміс құқығы ғылыми-зерттеу мектебі GIZ, IRZ, DAAD және неміс-қазақ заңгерлер қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған бұл іс-шара қатысушыларға неміс құқығы туралы көп нәрсені білуге бірегей мүмкіндік берді.