«Al Jazeera Week» жобасы келесі жылы жалғасын табады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мен Al Jazeera Media Network басшылығының кездесуінің қорытындысы бойынша белгілі болды.

Жуырда Дохада Президент Телерадиокешенінің директоры – Maqsut Narikbayev University Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Раушан Қажыбаева мен Al Jazeera Media Network бас директоры Шейх Нассер бин Фейсал Әл Танидің келіссөздері өтті, онда ынтымақтастықты тереңдету және Al Jazeera-ның өңірде қатысуын кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Раушан Қажыбаеваның Al Jazeera Media Institute директоры Иман Әл Амримен жеке кездесуі барысында 2026 жылы екінші «Al Jazeera Week» жобасын өткізу жоспары расталды. Бұдан басқа, қазақстандық студенттер мен сала кәсіпқойларының Al Jazeera-ның көпжылдық журналистік тәжірибесін жинақтаған медиаинституттың авторлық кәсіби әдебиет кітапханасына қолжетімділігін ұйымдастыру ұсынылды.

Орталық Азиядағы алғашқы «Al Jazeera Week» жобасын MNU-да 2024 жылы ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Al Jazeera Media Network ұйымдастырды. Студенттер мен журналистерге ең ірі және беделді халықаралық телевизия желісі өкілдерінен 100 сағаттан астам теориялық және практикалық сабақтар ұсынылды. Іс-шара аясында MNU мен Al Jazeera Media Institute арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар Президент Телерадиокешенінің директоры Раушан ҚажыбаеваTengrinews.kz сайтына берген сұхбатында Телерадиокешеннің алдағы жоспарлары мен жобалары, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және отандық медианарықтың жай-күйі туралы айтып берді. Ол соңғы жылдары Телерадиокешеннің Al Jazeera және Қытай медиакорпорациясымен бірлескен жобалардың толық портфелі қалыптасқанын, оның ішінде студенттер мен журналистерге арналған тренингтер мен тәжірибе алмасу бар екеніне тоқталды. Айта кетейік, 2023 жылы MNU-да Президент Телерадиокешенімен серіктестікте Халықаралық журналистика мектебі ашылды.
Президент Телерадиокешені басшысының сұхбатының толық нұсқасы осы сілтеме бойынша қолжетімді.




