9 қаңтар күні қонақ дәрісте болашақ журналистерге “Қазақ” газетінің қызметі мен оның артындағы шығармашылық амалдар туралы баяндалды. Газеттің 5 жылдық ғұмырының әр сәті – шығармашылық пен табандылықтың үлгісі.
Ұшқын мырзаның дерегіне сүйенсек, 750 сом ғана капиталмен басталған газеттің ғұмыры Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлының жетекшілігімен акционерлік қоғам ұйымдастырылуының арқасында, әр оқырманның акция мен дивиденд алу мүмкіндігі арқылы ары-қарай жалғасты.
Ғалым Ұшқын Сәйдірахман дәріс барысында кітап оқудың маңыздылығына да тоқталды. Ол кітап оқуды тек жылдамдыққа емес, мазмұнды түсінуге және ләззат алуға негіздеу керектігін атап өтті. Әсіресе, қазақ тілін жетілдіру үшін ұлттық әдебиетке ерекше назар аудару қажеттігін айтты.