MNU Logo
Құрметті студенттер! - MNU

05.06.2025

Құрметті студенттер!

2025–2026 оқу жылының күзгі семестріне арналған Саарланд университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінім қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

Конкурсқа қатысуға кемінде 60 ECTS кредитін игерген бакалавриат білім алушылары, сондай-ақ магистратура мен докторантураның білім алушылары шақырылады.

Шарттары:

  • • GPA деңгейі – 3.0 -ден төмен емес;
  • • ағылшын тілі деңгейі – кемінде B2.

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2025 жылғы 11 маусым

Өтініш пен құжаттарды қабылдау Smart MNU веб-нұсқасы арқылы жүзеге асады, сондай-ақ №220 кабинетке (USB флэш-дискісінде) электрондық нұсқасын ұсыну қажет.

  • Қажетті құжаттар тізімі:
    • білім алушының белгіленген нысан бойынша өтініші (жүктеу)
  • • төлқұжаттың сканерленген көшірмесі (паспорт);
  • • ағымдағы оқу жылындағы үлгерім туралы транскрипт (орыс және ағылшын тілдерінде);
  • • шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL, Cambridge English, Duolingo);
  • • нысан бойынша толтырылған сауалнама (жүктеу);
  • • академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға үміткердің ата-аналарының (қамқоршыларының, заңды өкілдерінің) жазбаша келісімі (жүктеу);
  • • қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі ұсыныс хаттар (бар болса);
  • • республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысқаны үшін алынған таңдалған оқу бағыты бойынша грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың көшірмелері (бар болса);
  • • тұлғалардың келесі санаттарына жататындығын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса):
  • 1) көп балалы отбасыдан шыққаны жайлы отбасы құрамы туралы құжат;
  • 2) ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін);
  • 3) студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындары мен пәндер тізімімен алдын ала танысып, оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған курстарды эдвайзермен келісуді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда, Халықаралық ынтымақтастық бөліміне mobility@kazguu.kz электронды поштасы арқылы, Instagram @mnu_international арқылы немесе №220 кабинетіне жеке жүгінулеріңізді сұраймыз.

Erasmus+ бағдарламасы бойынша серіктес университеттердің тізімі

ЖОО атауыБілім беру бағдарламасы/бағыты             Орындар саны
Саарланд университеті (Saarland University), Саарбрюккен, ГерманияХалықаралық құқық, Құқықтану  4

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз