MNU Logo
СӨЗ БЕН ЗАҢ: МЕДИАДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖЕҢУ ЖОЛЫ - MNU

СӨЗ БЕН ЗАҢ: МЕДИАДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖЕҢУ ЖОЛЫ

Post Image
06.03.2025

Maqsut Narikbayev University-де Халықаралық журналистика мектебінің «Медиазаңнама» курсы аясында медиа және құқық саласындағы әйелдердің рөлі талқыланды. Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылып, аталған салалардың жетекші сарапшыларын біріктірді.

Пікірталастың спикерлері Елена Максюта (ҚР Жоғарғы Сотының төрешісі), Әсел Тоқаева (адвокат, Tokayeva & Partners заң фирмасының негізін қалаушы) және Махаббат Есен (журналист, медиа-менеджер) болды.

Кездесу барысында қатысушылар әйелдердің заң және журналистика салаларындағы кездесетін негізгі қиындықтары жайлы талқылап, БАҚ пен сот жүйесі арасындағы тиімді қарым-қатынастың маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, блогинг пен кәсіби медиа арасындағы айырмашылықтарға, сондай-ақ журналистикалық этика мен заңнаманы сақтау қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді.

Журналист Махаббат Есен Қостанай облысындағы әріптестерінің тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби салаға парасатты көзқараспен, еш иллюзияларсыз қараудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, журналистика – үлкен еңбекті, табандылықты және қажырлы жұмыс істеуге дайын болуды талап ететін күрделі сала.

Сот төрешісі Елена Максюта болашақ журналисттерге кінәсіздік презумпциясы қағидатын еске түсіріп, жаңа мамандар синонимдерді таңдағанда терминдерді шатастырып, қателіктер жіберуі мүмкін екеніне назар аудартты. 

Сондай-ақ, сотта журналисттердің құқықтарын бірнеше рет қорғаған адвокат Әсел Тоқаева медиа өкілдерінің қызметінде жиі кездесетін қателіктерді атап өтті. Оның айтуынша, бұл тексерілмеген ақпарат, дұрыс емес түсіндіру және басқа да заң бұзушылықтар жатады, олар өз кезегінде заңды салдарға әкелуі ықтимал.

Сарапшылар бұл салалардағы табысты мансап жолын құру үшін заңнаманы терең меңгеру, мемлекеттік органдармен кәсіби өзара іс-қимыл жасау және құзыреттерді дамыту маңызды екенін атап өтті.

Мұндай іс-шаралар әйелдердің медиа және құқық саласындағы ұстанымдарын нығайтуға ықпал етеді және кәсіби қызметтің негізгі аспектілері туралы хабардарлықты арттырады.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз