MNU Logo
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Астана болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады - MNU

31.03.2026

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы: Астана болашақ құқығын зерттеу орталығына айналады

Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған орай елордада алдағы 3-4 сәуір күндері екінші «International Legathon MaxUP» заң саласындағы кейс-чемпионаты өтеді.

Конкурстың тақырыбы «Болашақ құқығы» деп аталады. Мазмұнды іс-шараны Maqsut Narikbayev University (MNU) «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты, «Kazakhstan Bar Association» заң консультанттар палатасы және «Baker McKenzie» халықаралық заң фирмасының қолдауымен ұйымдастырады. Сондай-ақ сайысқа Қазақстанның Даму банкі, «Unicase» пен «KP Disputes» халықаралық заң фирмалары және адвокат Рена Керимова қолдау білдірді.

Конкурсқа 13 елден 90-нан астам студент қатысады. Олардың қатарында Макгилл университеті (Канада), Қытай саяси ғылымдар және құқық университеті (Қытай), Бремен университеті (Германия), Баку мемлекеттік университеті (Әзербайжан), «Жоғары экономика мектебі» ұлттық-зерттеу университеті (Ресей), Малайя университеті (Малайзия) және Ташкент мемлекеттік заң универ­ситеті (Өзбекстан) сияқты жоғары оқу орындарының командалары бар. Байқауға қатысушылардың жобаларын мемлекеттік органдардың өкілдері мен халықаралық құқық саласының мамандары және жасанды интеллект саласындағы сарапшылар бағалайды.

«Президент елімізді үш жыл ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыру жөнінде стратегиялық мақсат қойды. Осы тұрғыда білім саласы шешуші рөлдердің бірін атқаруға тиіс деп есептеймін. Біз тек әлемнің үздік заңгер студенттері бәсекелесетін алаң ғана емес, сонымен қатар таяу болашақта бетпе-бет келетін цифрлық дә­уірдің сын-қатерлеріне жауап беретін үздік құқықтық ше­шімдер мен реттеуші модельдерді қалыптастыратын формат құрдық», – деді MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Сондай-ақ іс-шараға қатысушылар жаңа технологиялардың заң жүйесіне, құқық қағидаттарына, этика мен адам құқық­тарына әсерін зерттейді. Халық­аралық сайыс университеттің жасанды интеллект саласындағы алғашқы жобасы емес. Бұған дейін MNU екі ЖИ зертхана ашып, «AI+X» жаңа білім бағдарламасы мен өз түлектеріне арналған жасанды интеллект бойынша тегін курсты іске қосты.

Айта кетейік, алғашқы «International Legathon MaxUP» кейс-чемпионаты былтыр өткен болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз