
Жарас Асылбаев Maqsut Narikbayev University студенттік істер жөніндегі вице-провост қызметіне кірісті. Ол тәрбие жұмысын үйлестіру мен білім алушылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге жауап береді.
Жарас Асылбаевтың бірнеше білім беру орталықтарында жұмыс тәжірибесі бар, және ол «Smart +» тіл мектебінің негізін қалаушы. 2020 жылдың қазан айында MNU командасына қосылып, Студент үйі тұрғындарының мәселелері бойынша менеджер лауазымынан Студенттік істер жөніндегі департаментінің (DSA) басшысына дейін өсті. Оның жетекшілігімен студенттерге арналған CSI (Қоғамға қызмет, Шығармашылық, Зияткерлік даму) курсы жүзеге асырылуда, сондай-ақ ауқымды іс-шаралар (Студенттер қатарына қабылдау, Диплом табыстау рәсімі, Президенттік бал және т.б.) ұйымдастырылып, бірқатар жобалар іске қосылды.
Жарас Асылбаев Павлодар мемлекеттік университеті (2017) және Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің (2021) түлегі. Айта кетейік, бұрынғы вице-провост Мақсат Мұсабеков басқа ұйымға ауысуына байланысты қызметінен кеткен болатын.
MNU Мақсат Несіпжанұлына бірлескен жұмысы үшін алғыс білдіреді және Жарас Оралбекұлына жаңа лауазымда табыс тілейді!