ҚР Парламенті Сенатының назарында БАҚ туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері болды.
Еліміздің түрлі жоғары оқу орындарының журналистика факультеттерінің декандары “БАҚ туралы”заңға ұсынылған түзетулерді талқылауға белсенді қатысты.
Сарапшылар журналистік сұрауларды қарау мерзімдерін қысқартудың маңыздылығын атап өтіп, БАҚ жұмысына кедергі келтіретін шенеуніктерге нақты әкімшілік жазалар енгізуді ұсынды. Олардың пікірінше, мұндай шаралар журналистердің кәсіби қызметі үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға және жұртшылыққа жеткізілетін ақпараттың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.