Жетекші еуропалық аккредиттеу агенттігі FIBAA экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі жоғары және қосымша білім беру бағдарламаларының сапасын сараптауды және аккредиттеуді жүргізеді. FIBAA-ның білім беру қызметтері нарығындағы мүдделі тараптардың негізгі топтарымен ынтымақтастығы академиялық қоғамдастықпен, жұмыс берушілермен, білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ Еуропада және АҚШ-та аккредиттеу жөніндегі халықаралық құрылымдармен жүзеге асырылады.
FIBAA аккредитациясы 2016 жылдың 30 қыркүйегінен бастап 2026 жылға дейін ұзартылды.
Халықаралық аккредиттеу агенттігі MNU білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын және олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін растайды. Жалпы MNU және жекелеген бағдарламаларды тәуелсіз аккредиттеу кезінде ЖОО-а түлектерінің еңбек нарығында қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігіне көп көңіл бөлінді.
Қазіргі таңда MNU 30 мыңнан астам жоғары білікті мамандарды дайындап, мемлекеттік және жеке жұмыс берушілердің жоғары деңгейдегі мамандарға сұраныстарын қамтамасыз етті. Олардың қатарында Жоғарғы Сот, ІІМ, ІІД, Бас прокуратурағы қызметкерлердің жалпы санының 25% – ы MNU түлектері.