IQAA – білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау саласындағы алғашқы қазақстандық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйым.
IQAA аккредиттеу стандарттары “Еуропалық жоғары білім беру кеңістігіндегі сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен нұсқаулықтарына” (ESG) сәйкес әзірленген және оқу орындарының білім сапасын ішкі қамтамасыз етуге арналған. Аккредиттеу рәсімінде мемлекеттік нормативтік-құқықтық құжаттар мен халықаралық стандарттар да назарға алынады.