Омбудсмендер клубы
Студенттік Омбудсмендер клубы – бұл белсенді студенттерді біріктіретін ұйым, қазіргі қоғамда жастардың құқықтары мен мүдделерін батыл қорғауға дайын жаңа буын құқыққорғаушыларын қалыптастыруға арналған платформа. Клуб өзіне маңызды миссияны жүктейді – студент жастардың үніне айналу, құқықтық білімді насихаттау және жастардың заңды мүдделерін қорғауда тірек болу.
Клубтың негізгі міндеттері:
- Жас азаматтардың құқықтарын қорғау саласында тиімді шешімдер әзірлеу үшін мемлекеттік органдармен, оқу орындарымен және жастар ұйымдарымен серіктестікті нығайту;
- Құқыққорғаушылардың жаңа буынын тәрбиелеу – тәлімгерлік арқылы біз білімді, батыл әрі адал жас көшбасшыларды қалыптастырамыз;
- Жастар арасында құқықтық мәдениетті дамыту – құқық қорғауды тек қолжетімді ғана емес, сонымен қатар сәнді ету: форумдарға, конференцияларға қатысу, өзекті тақырыптар бойынша диалог бастау.
Студенттік Омбудсмендер клубы – бұл бастамалар мен мүмкіндіктер, белсенділік пен нақты өзгерістер тоғысатын іс-қимыл алаңы.
Клубтың жүзеге асырып жатқан бастамалары:
“LawTalk” сұхбаттар сериясы,
“JauapBer” (JB) әлеуметтік-зерттеу жобасы.
Lawmaker ғылыми клубы
Өзекті құқықтық мәселелерді талқылауға, білім алмасуға және ғылыми қоғамдастықты нығайтуға арналған алаң. Ғылыми клубтың қызмет саласы: Қазақстан Республикасындағы заң шығару қызметі және парламентаризмді дамыту мәселелері бойынша зерттеулер; заңнаманы жетілдіру мәселелері, заң ғылымы мен практика мәселелері, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі іс-шаралар; парламенттік құқық саласындағы ғылыми жұмыстарды жазу үшін бітіруші курс студенттерін тарту; ғылыми және өндірістік тағылымдамаларды ұйымдастыру және өткізу; Мемлекеттік органдарда, азаматтық қоғам институттарында және MNU серіктестерінде практикадан өту; студенттердің Қазақстан Республикасының заң шығарушы және мемлекеттік органдарымен ынтымақтастығы.
Пайдалы сілтемелер:
Конституциялық және саяси зерттеулер институты – https://www.instagram.com/institut_kpi.mnu
Омбудсмендер Клубы – https://www.instagram.com/mnu_ombudsmanclub