- Орталық Магистратура бағдарламалары бойынша 3 стипендия бөлді.
- Ислам құқығындағы «Мажалла» (Ислам Кодексі) деп аталатын белгілі кітаптың негізінде «Ислам Құқығы және Оның Жалпы Ережелері» атты еңбек дайындалып, әрі қарай баспаға ұсынылды. Бұл жұмыс заңгерлерге де, Ислам және дінтану мамандықтарының студенттеріне де, Исламтану және дінтану (имамдар) докторанттарына да арналған.
- «Канз әл-Дакаик» Ислам құқығының іргелі кітабының таңдалған тарауларын аудару және өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
- «Ислам Құқығындағы Сыбайлас Жемқорлық Ұғымы» атты кітап дайындалуда.
- Құранның орыс тіліне семантикалық аудармасы жарық көрді. (А. Сабдин, Б.Әлиұлы, Е. Самиев. – Астана: Ислам құқығы Орталығы және МНУ, 2-ші басылым, 2023-616 бет. ISBN 978-601-7980-40-5)
- Білім министрлігінің ғылыми басылымдарының тізбесіне кіретін «Адам әлемі», «КазҰУ хабаршысы» сияқты журналдарда «әл-Фараби философиясындағы азаматтық мемлекеттің мәселелері» және «құқық философиясы ретіндегі Құран» ғылыми мақалаларын жариялау.
- Кітап қоры Ислам құқығы бойынша 200 кітапты (қазақ, орыс, өзбек, араб, ағылшын және түрік тілдерінде) сатып алу арқылы байытылды.
- Қазақстанның мемлекеттілігі және Оның Қараханидтер, Алтын Орда және қазақ Хандығы дәуіріндегі тарихы туралы баяндайтын қолжазбаларды «Сүлеймание», «Миллет қолжазбалары» және «Осман қолжазбалар мұрағаты» кітапханаларында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Түркия Республикасы, Стамбул қаласы.