Қызметкерлерге

Біз адамдарға сапалы және қолжетімді білім беру арқылы қызмет етеміз!

Staff

WELCOME BOOK

WELCOME BOOK

Корпоративтік саясаттар

Біліктілікті арттыру туралы ереже
Келісім комиссиясын құру туралы бұйрық
Сайлау комиссиясы туралы хаттама
Конкурстық комиссия туралы келісім
HR саясаты
Теңдік, әртүрлілік және инклюзия саясаты
Әйелдер менторлық клубы
Профессорлық-оқытушылық құрамды іріктеу ережесі
Әкімшілік-басқару персоналын іріктеу ережесі

PDP

Professional development programme (PDP)

PDP Мақсаты - білім беру қызметінің қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келетін құзыреттерді, профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамытуды, лауазымдардың барлық деңгейлерінде Университет қызметкерлерінің мансаптық даму траекториясын қалыптастыруды және жұмыс тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.

Event Poster

Венгрияның ең көне университеті Corvinus Business School, Corvinus University Менеджмент және көшбасшылық профессоры, доктор Золтан Бузаданың Motivation Day аясында қонақ дәрісі.

Дәріс тақырыбы: Flow, Capacity Building via Leadership Simulation Game

Event Poster

Глазго университетінің (Ұлыбритания)Білім беру және оқыту бөлімінің бастығы, профессор Рамона Блейнстің Motivation Day аясында қонақ дәрісі.

Дәріс тақырыбы: Change Leadership and Management

Event Poster

Білім беру және адам әлеуетін дамыту колледжінің деканы, Миннесота университетінің Кэмпбелл көшбасшылық кафедрасының меңгерушісі, Профессор Майкл Родригеспен Motivation Day аясында қонақ дәрісі.

Дәріс тақырыбы: Survey Design

Event Poster

21-29 тамыз аралығында DSHR мектептермен бірлесіп жаңа оқытушылар үшін PDP шеңберінде "Welcome Training Week" апталығын өткізді.

Корпоративтік мәдениет

  • image-0
  • image-1
  • image-2
  • image-3
  • image-4
  • image-5
  • image-6
  • image-7
  • image-8
  • image-9
  • image-10
  • image-11

MNU қызметкерінің профилі

АДАЛДЫҚ

Біз өз ісімізге адалмыз

ӨЗАРА СЫЙЛАСТЫҚ

Біз серіктестік және өзара сыйластық қағидаттарын негізге аламыз

ӘДІЛДІК

Біз бір-бірімізге қызығушылық танытамыз - барлығы ортақ іске өз үлесін қосады. Біз әр қызметкердің еңбегін мойындаймыз және әрқайсысын әділ марапаттаймыз

КӘСІПҚОЙЛЫҚ

Біз жоғары сапаға қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз үнемі дамып отырамыз және өз жолымызда тоқтамаймыз

ЭМПАТИЯ

Біз әр қызметкердің пікірін құрметтейміз және өз ойын білдіруге мүмкіндік береміз. Біз бірге жұмыс істеу арқылы бір бірімізге қамқорлық жасаймыз

КЛИЕНТКЕ БАҒДАРЛАНУ

Біз ішкі және сыртқы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және олардың үміттерінен асып түсуге тырысамыз

КОРПОРАТИВТІК ІС-ШАРАЛАР

MNU оқу жылы басталар алдында жаңа және белсенді қызметкерлерді Welcome Day іс шарасында қарсы алады. Сонымен қатар, қызметкерлерді ынталандыру мақсатында шақырылған лекторлардың қатысуымен Motivation Day өткізіледі. Біз Strat Session алаңында компанияның стратегиялық міндеттері туралы ойларымызбен бөлісіп, жаңа идеяларды ұсынамыз. Біздің қызметкерлеріміздің тұрақты өсуі үшін кәсіби даму бағдарламасы белсенді дамып келеді. MNU-дің барлық қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративтік тимбилдинг өткізіледі. Сонымен қатар, ең кішкентайларға арналған жаңа жылдық балалар ертеңгілік шарасы өткізіледі.

14 наурызда біз MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY-дің туған күнін бірге атап өтеміз. Біз қол жеткізген жетістіктерді атап өтіп, университет пен елдің өркендеуі үшін жұмыс істеген қызметкерлердің барлығына алғысымызды білдіреміз

Біз сондай-ақ 8 наурыз әйелдер мерекесі, Наурыз мейрамы және 7 мамыр күнін тойлаймыз.

MNU WOMEN'S MENTORING CLUB

MNU әйелдер тәлімгерлік клубының мақсаты - MNU студенттері мен жұмысшыларын көшбасшылықты дамытуда қолдау, мотивацияны арттыру және өз қабілеттері мен әлеуетіне деген сенімді нығайту.

Өзіне деген сенімділікті арттыру:

Өзін-өзі құрметтеу; Мақсат қою және оған жету; Қорқыныш пен қиындықты жеңу; Жаңа дағдыларды үйрету; Іс-шараларға қатысу және адамдармен қарым-қатынас ортанту; Өзін-өзі күту; Позитивті ішкі диалог

Мотивацияны арттыру:

Позитивті ойлау және өз күшіне сендіру; Марапаттау және ынталандыру; өзін-өзі ынталандыру және ішкі мақсатқа талпынушылық; Мақсат қою; Позитивті көзқарасқа ұмтылу

Өз қабілеттеріне деген сенімді нығайту:

Өз жетістіктерін тану; Тұрақты өзін-өзі дамыту; Позитивті ойлау және интроспекция; Салауатты өмір салты

  • image-0
  • image-1
  • image-2

Әйелдер тәлімгерлік клубының міндеттері

MNU студенттері мен жұмысшыларына өз тәжірибелерімен бөлісуге, өмірлік қиындықтарды сәтті жеңу үшін тәжірибелі әйелдерден кеңестер мен тәлімгерлік алуға арналған алаң жасау; Күйзелісті басқару әдістері туралы ақпарат пен ұсыныстар беру, MNU студенттері мен жұмысшыларының психологиялық денсаулығын қолдау.

Тәжірибе алмасу және әртүрлі салалардағы табысты әйел кәсіпқойлармен байланыс орнату; Гендерлік мәселелер мен теңдік туралы хабардарлықты арттыру; Әйелдер бастамаларын жүзеге асыруда MNU студенттері мен жұмысшыларын қолдау; Мансаптық мақсаттарды анықтауға көмектесу үшін ақпарат пен ұсыныстар беру.

MNU студенттері мен жұмысшыларына көшбасшылық, коммуникация және уақытты басқару дағдыларын дамытуға көмектесу, осылайша өмірдің әртүрлі салаларында өздерін сәтті жүзеге асыру үшін көмек көрсету; MNU студенттері мен жұмысшыларына қоғамдағы әйелдердің жағдайын жақсартуға ықпал ететін жобаларды жүзеге асырудағы алғашқы қадамдарды жүзеге асыруға көмектесу және қолдау;

Events

Сіздерді университеттердегі студенттердің құқықтарын қорғау және гендерлік теңдік мәселелеріне арналған дәріске қатысуға шақырамыз. Біз әйелдер құқығын қорғаудың маңызды аспектілерін, бар мәселелерді және оларды шешудің мүмкін жолдарын талқылаймыз.

Іс-шара E. Quality (NU университеті) және Women Mentoring Club (MNU университеті) бастамаларының өкілдерінің қолдауымен өтеді. Бұл Сіздің құқықтарыңыз туралы көбірек білуге, басқа студенттердің тәжірибесін тыңдауға және сарапшыларға сұрақтар қоюға бірегей мүмкіндік.

Қатысу үшін профильда көрсетілген тіркеу нысанын толтыруды сұраймыз!

 

Күні: 16.10.24
Уақыты: 18:00
Өтетін орны: MNU, 402-аудитория

Біздің ұйымымыздың өміріндегі осы маңызды сәтті өткізіп алмаңыз!
Құрметті әйелдер тәлімгерлік клубының тәлімгерлері, менеджерлері және SMM мамандары!
Сіздерді осы семестрдегі қызметімізді қорытындылайтын кездесуге шақырамыз.

Күні: 14.05.24
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: MNU, 237-аудитория

Біздің ұйымның өміріндегі осы маңызды сәтті жіберіп алмаңыз!

Сіздерді Ассельжан Сарбалина өткізетін «Менің әлемнің бес үздік университетінен ұсыныс алу тәжірибем» атты қонақ дәрісіне шақырамыз.

Күні: Сейсенбі, 2 сәуір
Уақыты: 11:00

Өтетін орны: Қоғамдық кітапхана

Ассельжан әлемнің бес жетекші университетінен ұсыныс алу тәжірибесімен бөліседі. Ол Оксфорд университетінде философия докторы дәрежесін алуда, Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің клиникалық зерттеушісі, Ұлыбританиядағы БҰҰ-Әйелдер мүшесі және «Orta Oxford» негізін қалаушы. Дәріс барысында қиындықтарды жеңу, өтінім профилін нығайту және құжаттарды дайындауға қатысты практикалық кеңестер қарастырылады.

 

Құрметті ханымдар,

 

Сіздерді 6 наурыз күні сағат 12:45-те Public Library-да @almasailaukyzy -мен өтетін кездесуге шақырамыз. Кездесудің тақырыбы – “Алла Елшін. Еуропаны тамсандырған қазақ қызы”.

Бұл барлық қатысушыларға өздерінің әйелдік қасиеттерін, өзіне деген сенімділігін дамытуға және көрнекті әйел – Алла Елшіннің тарихы мен жетістіктерін талқылауға бірегей мүмкіндік болады. Алла Елшін өз өмірлік тәжірибесімен көптеген адамдарды шабыттандыра алды және біз бұл шабытты сіздермен бөлісуге асыға күтеміз.

Армандарыңызға жетудегі кедергілерді қалай жеңуге болатынын, таланттарыңызды қалай дамыту керектігін және өзіңізге деген сенімділікті қалай қалыптастыру керектігін талқылау үшін бізге қосылыңыз.

Өз қабілеттеріңізге одан да күшті және сенімді болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Сіздерді 6 наурыз күні сағат 12:45-те Public Library-да күтеміз!

EVP

Қызметкерлер үшін демалыс аймағы Recreation area құрылған, бұл жерде қызметкерлер бос уақытында демалып, күш-қуат алып, жұмыс кездесулері мен презентациялар өткізіп, тіпті Nap Room бөлмесінде ұйықтай алады. Сондай-ақ қызметкерлердің физикалық белсенділігі мен салауатты өмір салтын сақтауға арналған фитнес бөлмесі бар.

  • image-0
  • image-1
  • image-2
  • image-3
  • image-4
  • image-5
  • image-6
  • image-7
  • image-8
  • image-9
  • image-10
  • image-11
  • image-12
  • image-13

Алдыңғы іс-шаралар мұрағаты

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз