Оқу үрдісі
Оқу жылы Академиялық және Зерттеу Кеңесінің (Ғылыми кеңестің) шешімімен бекітілген, академиялық күнтізбеге сәйкес басталады және аяқталады.
Оқу жылы академиялық кезеңдерден (семестр – 15 апта, триместр – 10 апта, тоқсан – 7-8 апта, қосымша кезеңдер: жазғы және қысқы мектептер), практикадан, каникулдан, қорытынды аттестаттау кезеңдерінен (бітіруші курста) тұрады. Оқу жылы бойына демалыс күндері (каникул және мереке) ескерілген оқу және бақылау шаралары, кәсіптік практиканы өткізудің негізгі күндері академиялық күнтізбеде көрсетілген.
Жазғы және қысқы мектептер қосымша оқудағы қажеттілікті қанағаттандыру, академиялық берешекті немесе оқу жоспарындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін меңгеру және өз оқу орнында оларды міндетті түрде қайта санап білім алушылардың басқа жоғары оқу орындарында кредиттерді игеруі, үлгерімнің орташа баллын (GPA) арттыру үшін ұйымдастырылады.
Әрбір академиялық кезең білім алушылардың емтихан сессиясымен аяқталады, оның ұзақтығы 1 аптадан кем болмауы тиіс. Каникулдар білім алушыларға оқу жылы бойы кемінде 2 рет беріледі, олардың жалпы ұзақтығы, бітіруші курсты қоспағанда, 7 аптадан кем болмауы тиіс.
Бакалавриатта оқудың нормативтік мерзімі 4 жылды немесе техникалық және кәсіптік білім негізінде 3 жылды құрайды.
Ақылы негізде оқитын студенттің оқу мерзімі таңдалған оқу траекториясы негізінде дербес айқындалады, бірақ академиялық демалыстағы үзілісті ескермегенде 10 жылдан аспауы тиіс.
Магистратурада оқудың нормативтік мерзімі:
- -бейінді бағыт – 1 жыл;
- -бейінді бағыт – 1,5 жыл;
- -ғылыми-педагогикалық бағыт – 2 жыл.
Ақылы негізде білім алатын магистранттың оқу мерзімі таңдалған оқу траекториясы негізінде дербес айқындалады, бірақ академиялық демалысқа үзілісті ескермегенде 3 жылдан аспауы тиіс.
Докторантурада оқудың нормативтік мерзімі 3 жылды құрайды.
Білім алушының мәртебесі
MNU-де білім алушылар мен тыңдаушылардың мынадай жіктелуі бар:
1) білім алушы – оқудың білім беру бағдарламаларын аяқтауға және академиялық дәрежені алуға ниетті кез келген студент. Білім алушыларға студенттер, магистранттар және докторанттар жатады;
2) алмасу бойынша білім алушы – академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқа университеттен келген MNU-де оқып жатқан кез келген білім алушы;
3) тыңдаушы (audit) – академиялық дәреже берілмей білім беру бағдарламасының бір бөлігін игеруге жіберілген кез келген тұлға;
4) тыңдаушы (non-degree) – білім беру бағдарламасына қабылдану үшін Жоғары мектептің талаптарын орындаған, білім беру бағдарламасының бір бөлігін игеруге жіберілген кез келген тұлға. Тыңдаушы (non degree) ретінде пәндерді оқуға жіберілген тұлғаның жалпы орта білімді аяқтау туралы құжаты, техникалық және кәсіптік немесе жоғары білім туралы дипломы немесе түлектердің ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) тапсыруы туралы жарамды сертификаты болуы тиіс;
5) «Жоғары сынып (10-11-сынып) оқушыларына арналған бакалавриат» бағдарламасының тыңдаушысы (Provisional Program).
ECTS және оқу жүктемесі
Бір қазақстандық академиялық кредиттің еңбек сыйымдылығы (30 академиялық сағат) ECTS-тің 1 кредитіне сәйкес келеді.
Оқу жылы бойы күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушының қалыпты оқу жүктемесі 60 ECTS-ті құрайды, бұл, орташа есеппен алғанда, жылына 1800 сағатқа сәйкес келеді (бір ECTS-ке 30 сағат тиесілі), жекелеген білім алушылар/жұмыс түрлері үшін оқу нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты әртүрлі болуы мүмкін.
Бакалавриат студенттері үшін академиялық кезеңде ұсынылатын оқу жүктемесі Жоғары мектептің академиялық каталогында анықталған.
Білім алушы өз бетінше тіркеле алатын семестрдегі академиялық кредиттердің/ECTS ең көп саны – 30 академиялық кредит/ECTS, семестрдегі кредиттердің ең аз саны – 20 академиялық кредит/ECTS.
Студент эдвайзердің рұқсатымен Аcademic Probation мәртебесіне ие болмаған жағдайда 31-35 академиялық кредитке/ECTS тіркеле алады.
Ерекше жағдайларда студенттерге Мектептің Академиялық сапа комитетінің шешімімен көбірек (36-дан 40 академиялық кредитке дейін) немесе азырақ (20 академиялық кредиттен кем) кредит оқуға рұқсат берілуі мүмкін.
Жазғы мектеп кезеңінде білім алушы 20-дан артық емес ECTS, қысқы мектеп кезеңінде 10-нан артық емес ECTS оқи алады.
Оқу жылының қорытындысы бойынша GPA деңгейі 2,0-ден төмен студентке Academic Probation мәртебесі беріледі, студент курстан курсқа ауыспайды және академиялық сынақ мерзімінде болады.
Академиялық сынақ мерзіміндегі (Academic Probation) студент:
- барлық оқу кезеңінде GPA 1,67-ден 2,0-ге дейін болса, семестрде 20 академиялық кредиттен/ECTS артық емес;
- барлық оқу кезеңінде GPA 0-ден 1,66-ға дейін болса, семестрде 15 академиялық кредиттен/ECTS артық емес кредиттерге тіркеле алады.
Академиялық сынақ мерзіміндегі магистранттар кемінде 20 академиялық кредитке/ECTS тіркеле алады.
Білім алушы жоспарланған оқу нәтижелерін меңгерген жағдайда ғана, оған кредиттер тағайындалады.
Негізгі білім беру бағдарламасы аясында білім алушы оқу үшін бір не бірнеше қосымша білім беру бағдарламаларын (minor) таңдай алады.
Қосымша білім беру бағдарламасы (minor):
- -түсу талаптары: GPA, алдында оқыған пән-пререквизит болуы және т.б.;
- -бір немесе бірнеше академиялық кезең ішінде оқытылатын бірнеше пәндерден тұрады;
- -жекелеген сертификатталған бағдарлама ретінде ұсынылуы мүмкін (тыңдаушылардың әртүрлі санаттары үшін);
- -пәндер әртүрлі академиялық кезеңдерде бірте-бірте оқылуы мүмкін («жинақтау жүйесі»), бірақ сертификат алу үшін біртіндеп меңгерілуі керек;
- -студент Жоғары мектептің академиялық каталогынан өз бетімен таңдайды;
- -білім беру бағдарламасы аясында (майнордың пәндері үшін кредиттер негізгі бағдарламаның 240 ECTS-ке кіреді) және /немесе негізгі білім беру бағдарламасына қосымша оқуға болады.
Негізгі білім беру бағдарламасы аясында екіден артық майнордың пәндерін оқуға рұқсат берілмейді. Егер білім алушы екіден артық майнорды меңгергісі келсе, онда ол Академиялық сапа комитетіне жүгінуі керек. Майнор бағдарламасының талаптары Жоғары Мектептің академиялық каталогында жазылған.
Сабаққа қатысуға қойылатын талаптар
Білім алушы оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысуға міндетті. Оқытушылар пән бойынша силлабуста оқу сабақтарына қатысуға қойылатын талаптарды көрсетеді.
Оқытушылар Attendance Canvas LMS модулінде білім алушылардың оқу сабақтарына қатысуын есепке алуды жүргізеді. Сабаққа қатысуды оқытушы сабақ аптасынан кейінгі оқу аптасының басынан кешіктірмей белгілейді.
Академиялық кезеңдегі оқу сабақтарының жалпы санынан 20%-дан астам сабақ қалдырылған жағдайда пән игерілмеген болып саналады. Бұл ретте, теориялық оқу аяқталған соң пән бойынша ағымдағы бағаларының күші жойылады және «F» қорытынды бағасы қойылады. Егер силлабуста қорытынды емтихан көзделген болса, білім алушы қорытынды емтиханға жіберілмейді.
Ерекше жағдайларда (білім алушы немесе кәмелетке толмаған бала науқастанғанда, жақын туысқандары қайтыс болған жағдайда (әкесі, анасы, әжесі, атасы, туған ағасы-інісі және апасы-сіңлісі (қарындасы), баласы, зайыбы, Университет білім алушыны білім беру не ғылыми шараға жібергенде) білім алушы бақылау шараларының орнын толтыруға рұқсат алу үшін Академиялық сапа комитетіне жолыға алады.
Қашықтан оқыту түріндегі онлайн-сессиясын өткізу кезінде оқытушы әр білім алушының кірген өз аккаунтынан, әрі қатысушының онлайн-сессия кезіндегі іс-әрекеті туралы ақпараттардан қай платформа не қызмет түрін пайдаланса да (LMS Canvas, ZOOM etc) бейне ағынының трансляциясы негізінде сабаққа қатысуын ескереді. Қолданылып отырған платформа не қызмет түрінде білім алушымен үнемі визуалды байланыс болмаған жағдайда оқытушы білім алушыға сабаққа себепсіз қатыспағанын белгілейді. Бейне түсірілімді көрсетуде техникалық қиындықтар туындаған жағдайда білім алушының тікелей қатысып отырғанын дәлелдеу оқытушыға жүктеледі (ара-тұра дауыспен бар-жоғын тексеру, тақырыптық сұрақ қою т.б.).
Оқу сабақтарына қатыспағаны үшін «F» қорытынды бағасын алған білім алушы келесі академиялық және қосымша кезеңдерде ақылы негізде аталған пәнді қайта оқуға құқылы. Ол үшін білім алушы оқу пәніне тіркелу рәсімінен қайтадан өтуі тиіс.
Академиялық күнтізбеде пәндерге қайта тіркелу үшін белгіленген кезеңде оқу сабақтарынан қалу Canvas LMS-те ескерілмейді.
Бағалау жүйесі
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімдері, дағдылары, машықтары және құзыреттіліктері) халықаралық тәжірибеде қабылданған сандық баламасымен әріптік жүйеге (жақсы бағалар, кемуі бойынша, «А»-дан бастап «D»-ға дейін, әрі «қанағаттанарлықсыз» – «FХ», «F») және дәстүрлі жүйе бойынша бағаларға сай келетін, 100 баллдық шкала бойынша баллмен бағаланады.
Оқу тапсырмаларының барлық түрлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері білімді бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады, дәстүрлі бағалар шкаласына аудару 1-кестеге сәйкес жүргізіледі.
1-кесте. Дәстүрлі бағалар шкаласына аударумен білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша баға | Сандық баламасы | Балл
(%-дық құрамы) |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға | Бағалау өлшемшарттарының жалпы сипаттамасы |
А | 4,0 | 95-100 | Үздік | Білім алушы жоғары деңгейде пәнді меңгеру шеберлігін көрсеткен жағдайда.
Бұл баға – сыни ойлау қабілетінің жоғары даму деңгейінің көрсеткіші. |
А- | 3,67 | 90-94 | ||
В+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы | Білім алушы өте жақсы оқу үлгерімінің деңгейін көрсетуде.
Бұл бағалар сыни ойлау қабілетінің жақсы даму көрсеткіштерін айқындайды. |
В | 3,0 | 80-84 | ||
В- | 2,67 | 75-79 | ||
С+ | 2,33 | 70-74 | ||
С | 2,0 | 65-69 | Қанағаттанарлық | Білім алушы оқу үлгерімінің төмен деңгейін бейнелейді.
Бұл бағалар сыни ойлау дағдыларының жартылай меңгерілгенін көрсетеді. |
С- | 1,67 | 60-64 | ||
D+ | 1,33 | 55-59 | ||
D | 1,0 | 50-54 | ||
FX | 0,5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз | Білім алушы оқу үлгерімінің өте төмен деңгейін көрсетеді, емтиханды қайта тапсыру үшін тағы жұмыс жасау қажет. |
F | 0 | 0-24 | Білім алушы оқу үлгерімінің өте төмен деңгейін көрсетеді. Бұл бағалар сыни ойлау дамуының тым қанағаттанарлықсыз көрсеткіштерін көрсетеді. | |
Р | – | – | Есепке алынған | Академиялық сынақ мерзімінде емес күндізгі оқу нысаны студенттері Академиялық сапа комитетінің шешімімен «Р» бағасымен элективті пәнді таңдай алады.
Бүкіл оқу кезеңінде кредиттердің ең көп саны – 10 ECTS. «Есепке алынған»/ «Есепке алынбаған» бағалары балл арқылы көрінісі жоқ және GPA есептеу кезінде ескерілмейді. «Р» бағасын алған жағдайда пән бойынша кредиттер есептеледі. |
РF | – | – | Есепке алынбаған | «РF» бағасын алған жағдайда пән бойынша кредиттер есептелмейді. |
«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» қорытынды баға алған жағдайда, білім алушы аталған пәнге/модулге қайта жазылуы, оның бүкіл бағдарламаласынан өтуі, барлық тапсырмаларды орындауы, белгіленген тәртіппен қорытынды бақылауға рұқсат алуға, қорытынды бақылауды (емтиханды) тапсыруы тиіс. Оқу пәніне/модулге тек ақылы негізде ғана қайта жазылуға болады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша кредиттер беріліп «есепке алынған» немесе «есепке алынбаған» бағаларын қойып сынақ тапсырылады. GPA есептеу кезінде бағалары ескерілмейді.
1 және 2-курс студенттері міндетті түрде «Дене шынықтыру» пәнін өтуі тиіс.
Кәсіптік практиканың барлық түрлері бойынша баға қойылады, академиялық кредиттер беріледі. Практиканың барлық түрлері бойынша бағалар GPA есептеу кезінде ескеріледі.
MNU-де қаржылық қарызы бар білім беру қызметтерін алуға қолжетімділік қалпына келтіру құқығынсыз тоқтатылады, берешек қорытынды аттестаттау басталғанға дейін не келесі академиялық кезеңдегі пәндерге тіркелгенге дейін өтелуі тиіс кәсіптік практикадан өту жағдайларынан басқа білім алушының деректері Canvas LMS электрондық журналында автоматты түрде бұғатталады.
Қайта қарау және апелляция
Емтихан нәтижелері емтихан аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Canvas LMS-те жариялануы тиіс. Баға қою кезеңі білім алушыларың 50 және одан да көп емтихан жұмыстарын тексеретін емтихан алушылар үшін ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл кезең 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Білім алушы емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда ол апелляцияға өтініш бере алады. Егер аралық бағалаулар болса, сәйкесінше осы ереже қолданылады.
Білім алушы емтихан нәтижелері жарияланғаннан (Canvas LMS-ке қойылғаннан) кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Жоғары мектеп Деканының (директорының) атына апелляцияға өтініш береді.
Апелляциялық өтініш дәлелді болуы тиіс. Білім алушы өз бағалауымен келіспейтіндігіне қажетті дәлелді көрсетпеген жағдайда, өтініш берушіге апелляциялық өтініші қараусыз қайтарылады.
Комиссия берілген апелляциялық өтінішті сәйкесінше бес жұмыс күн ішінде қарайды.
Апелляциялық өтінішті бір емтихан алушы қарай алмайды және оны кемінде екі тәуелсіз сарапшы қарауы керек.
Бағаны өзгерту
Егер оқытушы курс аяқталғаннан кейін білім алушының бағасын өзгерткісі келсе, ол Академиялық сапа комитетінің төрағасы немесе Жоғары мектептің деканы (директоры) атына өтініш жазады. Комитет немесе Жоғары мектептің деканы (директоры) мақұлдағаннан кейін Canvas LMS әкімшісі бағаны қою үшін рұқсат береді.
Bell Curve: бағалауды бөлу
Бағаларды бөлу қисығы (Bell Curve) білім алушылардың нақты бағалаудағы нәтижелерінің деңгейіне, нақтылағанда студенттің пән аясында басқа білім алушыларға қарағанда жұмысты қалай орындағанына байланысты негізделген. Оқыту сапасын талдау және баға қою үшін қалыпты үлестіру диаграммасы құрылады (2-кестені қараңыз).
2-кесте. Бағаларды қалыпты бағалау (Bell Curve) диаграммасын құру үшін бағалардың үлестірімі
ECTS бағасы | Балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау | Әдетте баға алатын студенттердің пайызы | Пікірлер |
A | А, А- | 10% артық емес |
Курс / пән игерілді |
B | В+, В, В-, | 25% артық емес | |
C | C+,С, С- | 30% артық емес | |
D | D+, D | 25% артық емес | |
F | FХ,
F |
10% артық емес |
Курс / пән игерілмеді |
Maqsut Narikbayev University оқытушылары ағымдағы барлық студенттердің құзыреттіліктерін сараланған бағалауға мүмкіндік беретін бақылау іс-шараларының әдістемелік алуан түрлілігін қамтамасыз етуі қажет.
Барлық бақылау іс-шараларын бағалау кезінде мұғалімдер шағын ағындарды (30 адамнан аз) және сертификаттау бағдарламаларына (ACCA, CFA, FRM, CIMA, HRCI және т.б.) енгізілген пәндерді қоспағанда, жоғарыда аталған коэффициенттерді ұстанады.
«Өте жақсы» (А, А-) (10%) қоюға жол берілетін бағалардың пайызын сақтау міндетті болып табылады, қалған бағалаулар бойынша нормадан жол берілетін ауытқу – 5%-дан аспайды.
Берілген қалыптан 5% және одан да көп ауытқу болған жағдайда Академиялық сапа комитетінде оқытушыны әрі қарай MNU-де оқытуға рұқсат ету туралы шешім қабылдай отырып, нақты оқытушылар бойынша оқыту сапасын жеке талқылауға және талдауға бастамашылық жасау.
Бағалардың рұқсат етілген саны «өте жақсы» (А, А -) асып кеткен жағдайда (10%) Академиялық сапа комитеті бақылау іс-шарасының немесе емтиханның нәтижелерін жою туралы шешім қабылдай алады.
Шағын топтардағы (30 адамнан кем) бағаларды үлестіру де оқыту нәтижелерін немқұрайлы, біржақты немесе біліксіз бағалау туралы куәландыратын қалыпсыз ауытқуларға жол берілмейтіндігіне талдау жасалады.
Оқу нәтижелерін немқұрайлы, біржақты немесе біліксіз бағалаудың белгілері келесідей:
• топтағы көптеген студенттерге қатысты бір типті (деңгейлі) бағалаудың басым болуы;
• күрделілік деңгейлері бойынша бақылау-өлшемдік іс-шараларының әдістемелік саралауының болмауы;
• ақпаратты қолданудың орнына оны есте сақтауды тексеруге бақылау-өлшеу іс-шараларын бағдарлау;
• мазмұн мен тапсырмаларды қарапайымдату, яғни білім беру бағдарламасына байланысты күрделіліктің әдістемелік деңгейін әдейі төмендету;
• білім алушылардың құзыреттерін бағалаудың айқындығы, объективтілігі және әділдігі талаптарына қайшы келетін кез келген өзге де іс-әрекеттер.
GPA
Үлгерімнің орташа баллы (Grade Point Average – GPA) – таңдап алған бағдарлама бойынша белгілі бір оқу кезеңі ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (осы оқу кезеңі ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары баллдарының сандық баламасындағы кредиттердің жалпы сомасының қатынасы).
GPA есептеу кезінде бағаның сандық белгіленуі пәнге бекітілген кредиттердің санына көбейтіледі. Барлық пәндердің нәтижелері қосылады. Үлгерімнің орташа жиынтық баллын анықтау үшін кредит сағатының мөлшері білім алушы алған кредиттердің жалпы санына бөлінеді.
Белгілі бір оқу кезеңі үшін білім алушының GPA мына формула бойынша анықталады: GPA = Иц1 х К1 + Иц2 х К2 + ../(К1 +К2 + …) =Кп, мұнда:
- -Иц1, Иц2 – сандық баламада пәндер бойынша қорытынды бағалар;
- -Kl, К2 – оқыған пәндердің көлемдері кредитте;
- -Кп – бүкіл оқу кезеңінде оқыған пәндердің жалпы көлемі кредитте;
- -Үлгерімнің орташа баллын есептеу кезінде оқу пәні бойынша соңғы бағалар ескеріледі;
- -Білім алушының транскриптінде GPA көрсетіледі: академиялық кезең, оқу жылы және бүкіл оқу кезеңі үшін.
Үлгерімнің орташа баллын есептеу кезінде оқу пәні бойынша соңғы бағалар ескеріледі.
Білім алушының транскриптінде GPA көрсетіледі: академиялық кезең, оқу жылы және бүкіл оқу кезеңі үшін.
Кейбір пәндер академиялық пәндердің құрамына кірмейді және олар бойынша алынған кредиттердің саны білім алушы курстан курсқа өткен кезде ескерілмейді, оларды оқу міндетті болып табылады. Қосымша пәндердің тізімі оқу жоспарында бекітіледі.
ECTS кредит саясаты
Кредиттерді аудару – бір мәнмәнтінде (бағдарламада, оқу мекемесінде) алған кредиттерді біліктілікті алу мақсатымен басқа ресми мәнмәтінде тану процесі. Білім алушыларға бір бағдарлама бойынша тағайындалатын ECTS кредиттері дәл сол немесе басқа оқу орны іске асыратын басқа бағдарламаға аударылуы мүмкін.
Кредиттердің танылуы оқу нәтижелеріне, яғни біліктіліктің немесе оның компоненттерінің аяқталуына әкелген ресми рәсімдерге емес, білім алушының нақты білімі мен дағдыларына негізделеді.
Кредиттерді тану тиісті деңгейдегі қол жеткізілген оқу нәтижелері үшін алынған сынақ бірліктерінің саны басқа мәнмәтінде сынақ бірліктерін тағайындайтын оқу орнында оқытудың осы нәтижелері үшін айқындалған сынақ бірліктерінің санын алмастыратынын білдіреді. Мысалы, егер оқу нәтижелері баламалы болса, тәжірибеде тұлға академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқитын оқу орнындағы бір элемент үшін 4 академиялық кредит/ECTS MNU-дегі бір элемент үшін академиялық кредитті/ 5 ECTS-ті ауыстыра алады.
Оқу пәндері бойынша игерілген кредиттерді қайта санау кезінде қорытынды бақылау нысандарындағы айырмашылық назарға алынбайды. Сынақ ең төмен D-дан бастап (1,0; 50-54 %) ең жоғары А-ға дейінгі (4,0; 95-100 %) көлемде білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт баллдық жүйе бойынша сандық баламасына сәйкес бағалаудың әріптік жүйесіне теңестіріледі.
Академиялық сапа комитеті пәндер бойынша ECTS кредиттерін тану және қайта санау туралы шешімді білім беру бағдарламаларын, игерілген пәндер тізімінің мазмұнын, олардың көлемін, алған білімін, дағдыларын, машықтары мен құзыреттіліктерін, қол жеткізілген оқу нәтижелерін және бағалау нәтижелерін салыстыру негізінде қабылдайды.
Академиялық сапа комитетінің шешімі хаттамамен рәсімделеді. Кейбір жағдайларда Комитет пәнді қайта оқу, басқа элективті пәнді оқу, контенттегі айырмашылық анықталған жағдайда пән бойынша емтиханды тапсыру туралы шешім қабылдауы мүмкін. Эдвайзер Академиялық сапа комитетінің шешімі негізінде оқу жоспарлары бойынша пәндердегі айырмашылықты түзетеді.
Академиялық сапа комитетінің шешімі бойынша кредиттер қайта саналуы мүмкін:
- -халықаралық бакалавриат бағдарламаларының және Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері болып табылатын студенттерге;
- -сабақтас мамандықтар бойынша техникалық кәсіптік білімі бар студенттерге;
- -бакалавриатта оқыған кезде магистратураның білім беру бағдарламасының пәндерін оқыған магистранттарға;
- -студенттер қатарына қабылданған кезде бакалавриат білім беру бағдарламасының пәндерін 35-тен артық емес ECTS меңгерген «Жоғары сынып оқушыларына арналған бакалавриат» (Provisional Program) бағдарламасының тыңдаушыларына;
- -бакалавриат немесе магистратура білім беру бағдарламаларының пәндерін меңгерген тыңдаушыларға (non-degree) студенттер немесе магистранттар құрамына қабылдау кезінде («тыңдаушы (non-degree)» мәртебесінде болу мерзімі 3 жылдан аспайды).
Пәндердің тізімі және кредиттерді қайта санауға қойылатын талаптар Жоғары мектептердің академиялық каталогтарында қарастырылады.
Транскрипт
Транскрипт – кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті оқу кезеңі ішінде игерілген пәндер тізбесі мен оқу жұмысының басқа түрлерінен құралған құжат.
Транскриптіге «қанағаттанарлықсыз» баламасына сәйкес келетін «FX» және «F» бағаларын қоса алғанда, қорытынды бақылау (емтихан) бойынша барлық алған бағалар көрсетіле отырып, білім алушы оқыған барлық оқу пәндері міндетті түрде жазылады.
Транскрипт мынадай элементтерді қамтиды:
- -ЖОО-ның атауы және оның байланыс деректері;
- -Жоғары Мектептің атауы;
- -білім алушының деректері (тегі, аты, әкесінің аты, жеке коды (ID));
- -білім беру бағдарламасының (мамандықтың) атауы;
- -ECTS кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті оқу кезеңі ішіндегі игерілген пәндер (білім беру компоненттерінің) тізбесі;
- -академиялық кезең және бүкіл оқу кезеңі ішіндегі үлгерімнің орташа баллы (GPA).
Білім алушыларға Провост қол қойған және MNU-нің мөрімен расталған ресми транскриптіні Офис регистратор береді.
Бейресми транскриптіні (Провостың қолы қойылмаған және мөрмен расталмаған) Platonus ААЖ-да білім алушының жеке кабинетінен алуға болады.
Әртүрлі себептермен білім алушы оқудан шығарылған жағдайда, оған ресми транскрипт беріледі.