Практика бойынша жалпы ережелер

Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады.

 

Практикалардың түрлері, мерзімдері, көлемі мен мазмұны осы Академиялық саясатпен, бағдарламалармен, сонымен қатар білім беру бағдарламасы бойынша Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу ережелерімен анықталады.

 

Білім беру бағдарламалары бойынша практиканың сипаттамасы Жоғары мектептің каталогына енгізіледі.

 

Білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу бағдарламаларын, қағидаларын Жоғары мектептің Академиялық сапа комитеті бекітеді.

 

Кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері ағымдағы оқу жылының академиялық күнтізбесінде көрсетіледі.

 

Есепті қорғаудың нәтижелері бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.

Бакалавриаттағы кәсіптік практика

Кәсіптік практика оқу, педагогикалық, өндірістік және дипломалды практика деп бөлінеді.

 

Оқу практикасы бірінші курс студенттеріне арналған, әрі студенттерде мамандықтың мәні мен әлеуметтік маңызына қатысты түсінік қалыптастыру, теориялық білімге тереңдеп, оны бекіту, олардың алғашқы кәсіби машығын, дағдыларын қалыптастыру, олардың кәсіптік практика қызметіне қатысты ынталарын арттыру мақсатымен өткізіледі.

 

Педагогикалық практика екінші, үшінші және төртінші курс студенттеріне арналған, ол педагогикалық қызметте қажет болатын практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

 

Өндірістік практика екінші, үшінші және төртінші курс студенттеріне арналған, студенттердің негізгі білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби іскерліктерін қалыптастыру, жұмыс орнында өзіндік жұмыс жасай білу дағдылары мен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін жинақтау мақсатында өткізіледі.

 

Дипломалды практика бітіруші курста диплом жобасы үшін эмпирикалық материалды жинақтау мен диплом жобасын жазумен байланысты нақты міндеттерді атқару мақсатында өткізіледі және өндірістік практиканың жалпы кредиттер көлемін қамтиды.

 

Дипломалды практиканың мазмұны диплом жобасының тақырыбымен анықталады. Дипломалды практика өндірістік практика кезінде өндірістік практиканы өткізуге жоспарланған кредиттер есесінен өткізіледі.

 

Дипломалды практикаға ғылыми жетекші жетекшілік етеді.

 

Дипломалды практиканың қорытындысын практика жетекшісі жасайды немесе диплом жобасын алдын ала қорғауда жасалады.

 

Оқу үдерісін ұйымдастыруда кәсіптік практиканы академиялық кезеңнен бөлек те, академиялық кезеңмен қатар да жүргізуге болады.

 

Бакалавриаттағы практикалардың ұзақтығы студенттің практикадағы апта бойына нормативті уақытына байланысты апталармен есептеледі. Аптадағы нормативті мерзім 30 сағатқа тең (аптадағы 5 жұмыс күніне байланысты күніне 6 сағаттан).

 

Кәсіптік практиканың нәтижелері аралық аттестаттау қорытындысын жасағанда ескеріледі.

 

Практиканы іріктеу мен базаларды бағалау, құзыреттерді бағалау мен әдістемені әзірлеу ретін, сонымен бірге нәтижелерді қорғауды әр Жоғары мектеп дербес анықтайды.

 

Білім алушыларды кәсіптік практикадан өткізетін негіз ретінде жарғылық қызметі кадрларды даярлау бейініне және білім беру бағдарламасы талаптарына сай келетін, кәсіптік практикаға жетекшілік ете алатын білікті кадрлары мен материалдық-техникалық негізі бар ұйымдар белгіленеді.

 

Кәсіптік практиканы студенттер Астана қаласында өтеді. Кәсіптік практиканы өткізетін мекемелердің тізімі сәйкесінше Жоғары мектептердің құрылымдық бөлімшесімен (Жоғары мектептің мансап орталығы, кәсіптік практика, мансап және жұмысқа орналастыру кеңсесі және т.б.) анықталады.

 

Практиканы Астана қаласынан тысқары жерде өтуге келесі жағдайларда рұқсат етіледі:

  1. студент болашақта жұмысқа орналасу мақсатында практика өтетін негізгі ұйыммен еңбек келісімшартын жасаған жағдайда. Практика аяқталғаннан кейін студент еңбек келісімшартының көшірмесін және БЖЗҚ көшірмесін ұсынуы керек (студенттің келісімімен);
    2. студент практиканы Жоғары мектептің аккредиттелген серіктестерінде өткен жағдайда;
    3. ерекше жағдаяттар туындағанда студент Астана қаласынан тысқары жерлерде практиканы өту үшін рұқсат алуға Академиялық сапа комитетіне өтініш жазуға құқылы.

 

Астана қаласынан тысқары жерлерде практиканы өтуге рұқсат алу үшін өтініш пен дәлелдейтін құжаттарды студент практиканы басталмастан бір ай бұрын тапсыруы керек.

 

Игеріп жатқан бағдарламасынының мамандығы бойынша жұмыс жасап жатқан, қашықтан білім беру технологияларын қолданатын күндізгі оқу бөлімінің студенттері кәсіптік практиканы (оқу, педагогикалық не өндірістік) жұмыс орнынан тек Академиялық сапа комитетінің рұқсатымен ғана өте алады. Бұл ретте диплом жобасын жазып жатқан студенттер дипломалды практикадан да өтеді. Кәсіптік практиканы өткеннен кейін студент Академиялық сапа комитетіне кредиттерін есептету үшін өтініш жазады.

 

Игеріп жатқан бағдарламасының мамандығы бойынша жұмыс жасамайтын, қашықтан білім беру технологияларын қолданатын күндізгі оқу бөлімінің студенттері Жоғары Мектептің жолдамасы бойынша практикалық базалар аясында кәсіптік практиканы өтуге міндетті.

 

Жоғары мектептер кәсіптік практикалардың барлық түрлерін жоспарлайды және ұйымдастырады, түрлі меншіктегі ұйымдар, кәсіпорындар және мекемелермен шарттарға отырады, білім беру бағдарламалары бойынша Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу ережелерінде анықталған басқа да жұмыстарды атқарады.

 

Жоғары мектептің менеджері/үйлестірушісі Canvas LMS жүйесіне Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу ережелерін енгізеді, практика басталмастан бұрын студенттердің практикаға қажетті дайындығын ұйымдастырады, практика бағдарламасына сәйкес консультациялар өткізеді, практикадан өту барысына бақылау жүргізеді, Canvas LMS жүйесіне студенттердің салған аралық және қорытынды есептерін тексереді, оның ішінде «Turnitin» антиплагиат жүйесі арқылы да тексереді, студенттермен хат-хабар алысып тұрады және т.б.

 

Студент Canvas LMS-те орналастырылған практика материалдарына қол жеткізе алады, практика бағдарламасының орындалуы туралы аралық және қорытынды есептерді тапсырады.

 

Кәсіптік практикаға жетекшілік етуді сәйкесінше жұмыстарды атқаруға сай жоғары және (не) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар оқытушылар, маман-практиктер, менеджер/үйлестіруші жүзеге асырады.

Магистратурадағы практика

Ғылыми-педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасы теориялық біліммен қатар немесе жеке кезеңде өткізілетін екі түрлі практиканы қамтиды:

1) базалық пәндер кезеңіндегі MNU-дегі педагогикалық практика;
2) бейінді пәндер кезеңіндегі диссертацияны даярлау орнындағы зерттеушілік практика.


Педагогикалық практика оқыту мен үйрету әдістерінің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

 

Магистранттар MNU-де оқытушының ассистенті ретінде бакалавриат студенттеріне сабақ өткізеді.

 

Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерімен, эксперименттік деректерді өңдеу және интерпретациялаумен таныстыру мақсатында өткізіледі.

 

Бейінді магистратураның білім беру бағдарламасы бейінді пәндер кезеңіндегі өндірістік практиканы қамтиды.

 

Бейінді бағыт бойынша білім алушы магистранттар үшін Жоғары мектептің менеджері/үйлестірушісі Canvas LMS жүйесіне білім беру бағдарламалары бойынша практиканы ұйымдастыру мен өткізу ережелерін енгізеді, Canvas LMS жүйесіне магистранттардың салған аралық және қорытынды есептерін тексереді, оның ішінде «Turnitin» антиплагиат жүйесі арқылы да тексереді, магистранттармен хат-хабар алысып тұрады және т.б.
Магистрант Canvas LMS-тегі практика материалдарына қол жеткізе алады, практика бағдарламасының орындалуы туралы аралық және қорытынды есептерді тапсырады.

 

Бейінді пәндер кезеңіндегі өндірістік практика оқу барысында алынған теориялық білімді бекіту, магистратурадағы оқытылып жатқан білім беру бағдарламалары бойынша практикалық дағдыларды, құзыреттіліктер мен кәсіби қызмет тәжірибесін игеру, сонымен бірге алдыңғы қатарлы тәжірибені игерту мақсатында өткізіледі.

 

Магистранттар мен докторанттардың ғылыми практикасына, зерттеушілік тәжірибесіне жетекшілік етуді ғылым докторы және (не) ғылым кандидаты және (не) философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар, ғылыми атақтары (ассоциацияланған профессор (доцент), профессор) және/немесе ғылыми зерттеулермен белсенді айналысып жүрген, білім алушының оқу түрлеріне бейіні сәйкес келетін, ғылыми жарияланымдары бар ғылыми қызметкерлер, практик-мамандар жүзеге асырады.

 

Практика бойынша есеп түрі, мерзімі, базасы мен бағдарламасы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен құрастырылатын магистранттың жеке жұмыс жоспарына енгізіледі.

Докторантурадағы практика

Доктарантураның білім беру бағдарламалары кәсіби даярлық бөлімінде PhD докторлар мен бейіні бойынша докторларды даярлаудың аккредиттелген бағдарламаларын жүзеге асырушы шетелдік ЖОО-лар мен ғылыми орталықтардың тәжірибесін зерттеу негізінде әзірленеді.

 

Практика ғылыми, ғылыми-педагогикалық және кәсіби қызметтегі практикалық дағдыларды қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

 

Докторантураның білім беру бағдарламасы мына практика түрлерін қамтиды:

1) философия докторы бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – педагогикалық және зерттеушілік практика;
2) бейінді докторантура бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін – өндірістік практика.

 

Педагогикалық практика кезінде докторанттар бакалавриат пен магистратурада сабақ беруге, оның ішінде курсты толық көлемде оқытуға тартылады.

 

Докторанттың зерттеушілік практикасы отандық және шетелдік ғылымның ең соңғы теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерін зерделеу, практикалық дағдыларды бекіту, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеуде тәжірибелік мәліметтерді талдау мен өңдеу мақсатында өткізіледі.

 

Докторанттың өндірістік практикасы оқу барысында алынған теориялық білімді бекіту, әрі кәсіби деңгейді арттыру мақсатында өткізіледі.

 

Зерттеушілік және өндірістік практика мазмұны докторлық диссертация тақырыбымен анықталады.

 

Практика бойынша есеп түрі, мерзімі, базасы мен бағдарламасы докторанттың барлық оқу кезеңіне құрастырылатын жеке жұмыс жоспарына енгізіледі.

Тіркеу кеңсесінің байланыстары

+7 (7172) 70 28 54 registrar@mnu.kz