Жалпы ережелер
Бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру және білім алушылар құрамына қайта қабылдау жазғы және қысқы каникул кезеңінде жүзеге асырылады.
Егер ЖОО білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін (семестр, триместр, тоқсан) толық аяқтаса, ол оқудан шығарылғаннан кейін ауыстырылады немесе қайта қабылданады.
Білім алушылар құрамынан шығарылған тұлғалар MNU білім алушыларының құрамына қайта қабылданады.
Студенттер құрамына оқудан шығарылған сәттен бастап 5 жыл ішінде, магистранттар құрамына – оқудан шығарылған сәттен бастап 2 жыл ішінде қайта қабылдануға болады.
Білім алушылар қатарына қайта қабылдау тиісті курсқа және тек ақылы негізде ғана жүргізіледі.
Ақылы негізде оқитын, оқу ақысын төлемегені үшін семестр бойы оқудан шығарылған тұлғалар төлем бойынша берешегін өтеген жағдайда оқудан шығарылған сәттен бастап төрт апта ішінде қайта қабылдануға құқылы.
Білім алушы базалық және/немесе бейіндік пәндер бойынша түсу емтихандарын тапсырады, олардың тізбесі академиялық сапа жөніндегі тиісті Комитеттің шешімі негізінде Жоғары мектеп деканының өкімімен бекітіледі.
Түсу емтихандары бойынша оң баға алған жағдайда (50% және одан да көп), барлық құжаттары және Жоғары мектеп деканының (директорының) ауысуға рұқсаты болған жағдайда, білім алушы MNU Тіркеу кеңсесіне Провост атына ауысу тәртібімен қабылдау туралы өтініш береді.
Құжаттар
Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыған адамдар ауысу кезінде мыналарды ұсынады:
- -Студент/магистрант/докторант оқитын ЖОО басшысының визасымен (ауыстыруға келісім, мөрмен бекітілген) MNU Тіркеу кеңсесіне MNU-не ауыстыру туралы өтініш.
- -транскрипт (түпнұсқа);
- -алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, жоғары білім туралы диплом);
- -ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының көшірмесі (бакалавриат үшін), кешенді тестілеу нәтижелері (магистратура үшін), түсу сынақтарының нәтижелері (докторантура үшін);
- -жеке басын куәландыратын құжат;
- -ЖОО лицензия көшірмесі.
Қазақстан ЖОО-сында оқитын тұлғалар қалпына келтіру кезінде мыналарды ұсынады:
- -транскрипт (түпнұсқа);
- -алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың түпнұсқасы не көшірмесі (аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, жоғары білім туралы диплом);
- -ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының түпнұсқасы не көшірмесі (бакалавриат үшін), кешенді тестілеу нәтижелері (магистратура үшін), түсу сынақтарының нәтижелері (докторантура үшін);
- -1-курсқа қабылдау, курстан курсқа ауысу және білім алушылар құрамынан шығару туралы бұйрықтардың үзінділері;
- -жеке басын куәландыратын құжат;
- -ЖОО лицензия көшірмесі.
Шетелдік білім беру ұйымында оқыған адамдар қайта қабылдау кезінде мыналарды ұсынады:
- – игерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт);
- – қабылдау сынақтарының нәтижелері;
- – алдыңғы білім деңгейін аяқтағаны туралы құжаттар (шетелдік білім беру ұйымдары берген құжаттар Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс);
- – 1 курсқа (оқу жылына) қабылдау туралы, курстан курсқа ауысу және оқудан шығару туралы бұйрықтардан үзінділер;
- -жеке басын куәландыратын құжат;
- – шетелдік ЖОО-дан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған адамдар белгіленген шекті баллдан (бар болса) төмен емес баллы бар ҰБТ немесе КТ сертификатын ұсынады;
- – ЖОО лицензия/аккредитация көшірмесі;
- – шақыру хаты (болған жағдайда).
Білім алушыларды басқа ЖОО-дан ауыстыру немесе білім алушылар құрамына қайта қабылдау рәсімі
Білім алушы өтініш бергенге дейін жоспарланған білім беру бағдарламасы бойынша білім алу траекториясы мен курсын (оқу жылын) анықтауға өтініш және құжаттардың сканерленген көшірмелерін электрондық поштаға жібереді registrar@kazguu.kz (MNU Тіркеу офисы).
Жоғары мектеп эдвайзері:
- – ұсынылған құжаттардың негізінде академиялық айырмашылықты (пәндердің пререквизиттерін), болжамды оқу курсын айқындайды, өтініш берушіні электрондық пошта арқылы хабардар етеді;
- – базалық және/немесе бейіндік пәндер бойынша түсу емтихандарын тапсыру рәсімі бойынша кеңес береді;
- – түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастырады;
- – өтініш беруші мен тіркеушінің назарына түсу емтихандарын тапсыру нәтижелерін жеткізеді;
- – өтініш берушімен бірге оның білім беру траекториясын анықтайды және тіркеуге ұсыныс береді.
Өтініш беруші түсу емтихандары бойынша оң баға алған жағдайда (50% және одан да көп), барлық құжаттары мен Жоғары мектеп деканының (директорының) ауысуға рұқсаты болған жағдайда жеке өзі (немесе заңды өкілі арқылы) MNU Тіркеу кеңсесіне Провост атына ауысу тәртібімен қабылдауы туралы өтініш береді.
Оң шешім қабылданған жағдайда:
- – білім алушы ақылы білім беру қызметін көрсету туралы шарт жасасады және оқуға жоспарланған академиялық кредиттер санына сүйене отырып, семестрде оқу үшін ақы төлейді;
- – бес жұмыс күні ішінде MNU Провостының білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау туралы бұйрығы шығарылады;
- – білім алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау жіберіледі.
Білім алушы бұрын оқыған ЖОО басшысы осындай сұратуды алғаннан кейін «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген мазмұндағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады, білім алушының жеке ісін MNU мекенжайына жібереді.
Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде оқу нәтижелерін қайта есепке алуды эдвайзер/менеджердің ұсынысы негізінде Жоғары мектептің Академиялық сапа жөніндегі комитеті жүзеге асырады.
Құқық жоғары мектебінің басқа жоғары оқу орнынан ауысу саясатының ерекше талаптары
Магистранттар бір семестрді сәтті аяқтағаннан кейін және ECTS-тің кемінде 20 кредитін игергеннен кейін сол білім беру бағдарламасы бойынша немесе бір жылдық оқу бағдарламасы (60 ECTS) бойынша басқа ЖОО-дан екі жылдық (120 ECTS) бағдарламаға ауысу мүмкіндігіне ие болады. Бір бағдарламадан екіншісіне ауысу үшін білім алушылар оқу пәндерінің айырмашылығын анықтау үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі менеджермен кеңесуі тиіс.
Халықаралық Экономика Мектебі басқа жоғары оқу орнынан ауысу саясатының ерекше талаптары
Бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына ауысқан кезде студент:
- – ағылшын тілі деңгейін анықтау үшін тестілеуден өтуі (MNU English Placement Test тапсыру, ХЭМ білім беру бағдарламалары үшін 100% – дан 40% шекті деңгейін тапсыру) немесе IELTS (Academic IELTS 3,0 баллдан бастап немесе оның баламасы TOEFL IBT / PBT) сертификатын ұсынуы тиіс;
- – транскриптіде «Математика» пәні бойынша оң баға болмаған жағдайда «Математикадан» тестілеуден өту. Тестілеу бойынша баллдардың шекті деңгейі: «Қаржы», «Есеп және Аудит», «Экономика» білім беру бағдарламалары үшін 40-тан кемінде 25 балл, «Бизнестегі IT» білім беру бағдарламалары үшін 40-тан кемінде 20 балл және «Менеджмент» білім беру бағдарламалары үшін 40-тан кемінде 15 балл.
Магистранттың бір семестрді сәтті аяқтағаннан кейін және ECTS – тің кемінде 30 кредитін меңгергеннен кейін басқа ЖОО – дан сол білім беру бағдарламасы бойынша не оқу мерзімі – 1 жыл (60 ECTS) білім беру бағдарламасынан оқу мерзімі – 2 жыл (120 ECTS) білім беру бағдарламасына ауысу мүмкіндігі бар.
Жоғары Гуманитарлық Мектебінің басқа жоғары оқу орнынан ауысу және білім алушылар құрамына қайта қабылдану саясаты бойынша ерекше талаптары
Жоғары Гуманитарлық Мектебінің білім беру бағдарламаларының ағылшын бөліміне қабылдау кезінде төмендегі кестелерге сәйкес ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификатты ұсыну немесе KEPT (MNU English Placement Test) түсу емтиханын тапсыру арқылы ағылшын тілін меңгеру деңгейін растау қажет.
Басқа ЖОО-дан, басқа білім беру бағдарламалары тобынан студенттерді ауыстыру, 6В02301 – Аударма ісі және 6В02302-Қолданбалы лингвистика білім беру бағдарламаларына қайта қабылдау кезінде ағылшын тілін меңгеруге қойылатын талаптар.
№ | Курс | Ағылшын тілі деңгейі KEPT (CEFR) нәтижелеріне сәйкес | Academic IELTS | TOEFL IBT/PBT, FCE/CAE (IELTS баламасы) |
1 | Бірінші курс | Intermediate B1 (60 балл және одан жоғары) |
5,0 | IBT 45 PBT 450 FCE 154 |
2 | Екінші курс | Advanced | 7.0 – ден төмен емес | IBT 94 PBT 590 CAE 185 |
3 | Үшінші курс | Advanced | 8.0 – ден төмен емес | IBT 110 PBT 637 CAE 200 |
Студенттерді 6В11101 – Қонақжайлылық және 6B11102 – Туризм (ағылшын бөлімі) білім беру бағдарламаларына ауыстыру кезінде ағылшын тілін меңгеруге қойылатын талаптар.
№ | Курс | Ағылшын тілі деңгейі KEPT (CEFR) нәтижелеріне сәйкес | Academic IELTS | TOEFL IBT/PBT, FCE/CAE (IELTS баламасы) |
1 | Бірінші курс | Intermediate B1 (40 балл және одан жоғары) |
3,0 | IBT 24 PBT 370 PET 120 FCE 140 |
2 | Екінші курс | Intermediate B1 (65 балл және одан жоғары) |
5.0 | IBT 45 PBT 450 FCE 154 |
3 | Үшінші курс | Intermediate B1 (60 балл және одан жоғары) |
5.5 | IBT 59 PBT 496 FCE 162 CAE 162 |
Академиялық демалысты рәсімдеу
Академиялық демалыс білім алушыларға:
1) денсаулығына байланысты – ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде;
2) әскери қызметке шақырылған жағдайда – әскери қызметке шақыру туралы қағаздың негізінде;
3) бала туу, асырап алуға байланысты бала үш жасқа толғанға дейін беріледі.
Білім алушыларға өзге негіздер бойынша академиялық демалыс берілмейді.
Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы Smart MNU мобильді қосымшасында MNU провосты атына растайтын құжаттарымен қоса өтініш береді.
Білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрық оның басталу және аяқталу мерзімдерін көрсете отырып, ұсынылған құжаттар негізінде үш жұмыс күні ішінде шығарылады.
Білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрық шыққаннан кейін мемлекеттік білім беру гранты есебінен білім алушы тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 қаулысына сәйкес мемлекеттік шәкіртақыны төлеу тәртібін тоқтата тұру немесе өзгерту туралы бұйрық шығарылады.
Жалпы талаптар
Білім алушы академиялық демалысты алу үшін MNU Тіркеу кеңсесіне өтініш береді және келесі растайтын құжаттарды ұсынады:
1) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының 035-1/У нысанына сәйкес ауруы бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі медициналық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;
2) №907 бұйрықпен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының ТБ 01/У-тегі IV категориясы нысанына сәйкес ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссиясының (бұдан әрі – ОДКК) шешімі;
3) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 бұйрығымен бекітілген Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу Қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әскери қызметке шақыру туралы шақырту қағазы;
4) «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу акті кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалар негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы №9 бұйрығының 8 және 12-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша бала үш жасқа толғанға дейін оның туу, асырап алу туралы куәлігі.
Академиялық демалысты рәсімдеу тәртібі
Білім алушы MNU Провосты атына академиялық демалысты ресімдеу туралы өтініш береді, растайтын құжатты бекітеді.
Өтініш Smart MNU мобильді қосымшасы арқылы беріледі.
Оң шешім қабылданған жағдайда ұсынылған құжаттар негізінде үш жұмыс күні ішінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсетілген академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарылады.
Жалпы талаптар
Бұйрықта көрсетілген академиялық демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін білім алушы өтініш беруге және академиялық демалыстан шығуды рәсімдеуге міндетті. Өтініш берілмеген және оны ұсыну мерзімі аяқталған сәттен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде академиялық демалыстан шығу рәсімделген жағдайда, білім алушы белгіленген мерзімде сабаққа кіріспеген студент ретінде MNU білім алушыларының құрамынан шығарылуы мүмкін.
Академиялық демалыстан оралған кезде білім алушы өзінің оқуын осы демалысты рәсімдеген тиісті курстан (және академиялық кезеңнен) жалғастырады.
Медициналық оқулар бойынша академиялық демалысқа шыққан білім алушылар дәрігерлік-консультациялық комиссияның қайта куәландыруынан өтуі және оқуын жалғастыру үшін қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы қорытынды беруі қажет.
Академиялық демалыстан шығуды рәсімдеу тәртібі
Академиялық демалыстан шыққан кезде білім алушы MNU Провосты атына тиісті өтініш береді. Медициналық көрсеткіштер бойынша академиялық демалыс берілген адамдар ДКК-ға оқуды жалғастыру үшін қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы қорытынды береді.
Өтініш жіберу Smart MNU мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Оң шешім қабылданған жағдайда ұсынылған құжаттар негізінде құжаттар тапсырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарылады.
Академиялық демалыстан шығуға өтініш берген кезде білім алушы эдвайзерге (менеджерге) транскриптін ұсынады және академиялық айырмашылықты анықтауға (міндетті компонент пәндеріндегі академиялық айырмашылық түріндегі пререквизиттер) өтінім береді.
Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылық транскриптіде көрсетілген оқытылған пәндердің бағдарламаларын (каталог және силлабус (қажет болған жағдайда), академиялық кредиттерді/ ECTS салыстыру негізінде айқындалады.
Айырмашылық туындаған жағдайда академиялық демалыстан оралған білім алушы қажетті пәндерге тіркеледі және оларды ағымдағы топтармен бірге семестр бойы немесе жазғы немесе қысқы мектеп аясында оқиды.
Негізгі талаптар
Бір тілдік бөлімнен басқасына ауысу жазғы және қысқы демалыс кезеңінде іске асырылады.
Білім алушыны бір тілдік бөлімнен басқасына ауыстыру туралы бұйрық 5 жұмыс күні ішінде шығарылады.
Білім алушының бір тілдік бөлімнен басқасына ауысу рәсімі
Өтініш бергенге дейін білім алушы пәндерге тіркелуге және жеке оқу жоспарын құруға ұсыныстар алу үшін жоғары мектептің эдвайзеріне/менеджеріне жүгінеді.
Білім алушы эдвайзердің/менеджердің ұсынысын және жоғары мектеп директорының ауысу жөніндегі оң шешімін алғаннан кейін MNUПровостының атына бір тілдік бөлімнен басқасына ауыстыру туралы өтініш жазады.
Өтініш келесі академиялық кезеңнің басына дейін мобильді қосымша арқылы беріледі.
Оң шешім қабылданған жағдайда:
- – білім алушы оқуға жоспарланған академиялық кредиттер санына сүйене отырып (оқуға түскен тиісті оқу жылына арналған білім беру қызметтері құнының тізіліміне сәйкес) семестрге оқу ақысын төлейді;
- – бес жұмыс күні ішінде MNU Провостының білім алушыны бір тілдік бөлімнен басқасына ауыстыру туралы бұйрығы шығарылады.
Жалпы талаптар
Бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауысу жазғы және қысқы демалыс кезінде жүзеге асырылады. Егер білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес меңгерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса және оның қаржылық қарызы болмаса, ол басқа білім беру бағдарламасына ауыса алады. Білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауыстыру туралы бұйрық 5 жұмыс күні ішінде шығарылады.
Құжаттар
1) MNU Провостының атына бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауысу туралы өтініш;
2) эдвайзердің/менеджердің ұсынымы.
Бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауысу рәсімі
Білім алушы өтініш бергенге дейін ауысуды жоспарлап отырған Жоғары мектептің эдвайзеріне/менеджеріне транскриптін ұсынады және жеке оқу жоспарын құру үшін ұсыным алуға өтініш береді. Ауысуға арналған білім беру бағдарламаларының талаптары Жоғары мектептердің академиялық каталогтарында жазылған.
Жоғары мектептің эдвайзері/менеджері:
- – ұсынылған құжаттар негізінде өтініш берушімен бірге оның білім траекториясын анықтайды және тіркелу үшін ұсыныс береді, өтініш берушіні электрондық пошта арқылы хабардар етеді;
- – түсу емтихандарын тапсыру рәсімі бойынша кеңес береді (егер түсу талаптары білім беру бағдарламасында қарастырылған болса);
- – түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастырады;
- – өтініш беруші мен тіркеушіге түсу емтихандарының нәтижелерін жеткізеді.
Білім алушы эдвайзердің/менеджердің ұсынымын және Жоғары мектеп директорының ауысу туралы оң шешімін алғаннан кейін MNU Провостының атына бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауыстыру туралы өтініш береді.
Өтініш академиялық кезең басталғанға дейін мобильді қосымшада беріледі.
Оң шешім қабылданған жағдайда:
- – білім алушы ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа қосымша келісім жасайды және оқуға жоспарланған академиялық кредиттер санын негізге ала отырып (ағымдағы оқу жылына арналған білім беру қызметтерінің құнының тізіліміне сәйкес) семестрдегі оқу ақысын төлейді;
- – бес жұмыс күні ішінде MNU Провостының білім алушыны бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне ауыстыру туралы бұйрығы шығарылады.
Білім алушыны ауыстыру кезінде оқу нәтижелерін қайта есептеуді эдвайзердің/менеджердің ұсынысы негізінде Жоғары мектептің Академиялық сапа жөніндегі комитеті жүзеге асырады.
Білім беру гранты есебінен оқитын студенттерді, магистранттарды ауыстыру бойынша қосымша талаптар
Білім алушыларды мемлекеттік білім беру грантын сақтай отырып ауыстыру білім беру бағдарламаларының бір тобы аясында ғана мүмкін болады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысының қаражаты есебінен білім алып жатқан тұлға білім беру бағдарламаларының бір тобынан екіншісіне, оқытудың бір бөлімінен екіншісіне ауысқан кезде ақылы негізде қызметтер көрсетуге арналған шартты қайта жасайды.
Жалпы ережелер
Білім алушы MNU-дан келесі жағдайларда оқудан шығарылуы мүмкін:
1) академиялық үлгермеушілік үшін;
2) академиялық адалдық қағидаларын бұзғаны үшін;
3) Университеттің ішкі тәртіп ережелерін және Жарғысын бұзғаны үшін;
4) білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзғаны үшін, оның ішінде оқу құнын төлемегені үшін;
5) өз қалауы бойынша;
6) білім беру бағдарламасының талаптары орындалмаған жағдайда: дипломдық жұмысты (жобаны) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғамаған немесе білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған: кешенді емтихан тапсырмаған.
Білім беру қызметтерін көрсету туралы Шартты бұзуға және білім алушыны білім алушылар құрамынан шығаруға әкелетін жағдайлар, Академиялық адалдық ұстанымдарына сәйкес келмейтін жекелеген жағдайлар шарттың талаптарында көзделеді.
Білім алушы – басқа ЖЖОКБҰ-ға ауыспай, MNU оқудан шығарылған білім беру грантының иегері білім беру грантынан айырылады.
Білім алушы MNU-де оқуын жалғастырғысы келмеген жағдайда (ағымдағы семестрде пәндерге тіркеудің болмауы) үш күндік мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті (өтініш Smart MNU мобильді қосымшасында беріледі).
Білім алушымен Шарттық қарым-қатынастар MNU оқудан шығару туралы Провосттың тиісті бұйрығы шыққанға дейін жалғасады.
Білім алушыда білім беру қызметтерін көрсеткені үшін қаржылық қарызы бар болған жағдайда оқудан шығаруға бұйрық шыққанға дейін білім алушымен ерікті түрде өтеледі немесе сот арқылы өндіріп алынады.
Өз бетінше оқудан шығарылғандағы құжаттар
1) жеке куәліктің көшірмесі
2) MNU Провостының атына оқудан шығару туралы өтініш;
3) толтырылған онлайн сауалнама
MNU-ден оқудан шығару рәсімі
Білім алушы өтініш бергенге дейін тиісті Жоғары мектеп өкілімен сұхбаттан өтеді. Әңгімелесу кезінде ЖМ өкілдері ретінде:
- Құқық жоғары мектебінің Директоры;
- Жоғары гуманитарлық мектебінің Директорының орынбасары;
- Халықаралық экономика мектебінің Эдвайзері/менеджері;
- Халықаралық журналистика мектебінің Эдвайзері/менеджері
— сөз сөйлейді.
Білім алушы әңгімелесуден кейін MNU Провостының атына оқудан шығару туралы өтініш береді және университеттен шығу жөніндегі онлайн сауалнаманы толтырады.
Өтініш мобильді қосымша арқылы беріледі.
Бес жұмыс күні ішінде MNU Провостының білім алушыны студенттер құрамынан шығару туралы бұйрығы шығарылады.
Білім алушы оқудан шығару туралы құжаттарды алғанға дейін проксимити-картасын тапсыруға және/немесе банктің төлем картасын жабуға, студенттік және оқырман билеттерін тапсыруға, MNU алдындағы бар қаржылық қарызын өтеуге міндетті (оқу ақысын төлеу бойынша, кітапханада, жатақханада және т.б.).
3.4-т. шарттарын орындағаннан кейін білім алушыға келесі құжаттар беріледі: аттестаттың түпнұсқасы қосымшасымен, оқудан шығару туралы бұйрықтан үзінді, транскрипт, ҰБТ (КТ) сертификатының көшірмесі.
Байланыстар
Сізге кеңес беретін барлық менеджерлер мен эдвайзерлердің байланыстарын сілтеме арқылы таба аласыз.