Су шаруашылығы бойынша семинар
2023 жылдың 18 сәуірінде Maqsut Narikbayev University-де Франция Елшілігінің ұйымдастыруымен жер асты суларын басқару саласындағы француз-қазақ ынтымақтастығы бойынша семинардың ашылуы өтті. Университет атынан Басқарма Төрағасының Орынбасары Айнұр Карбозова құттықтау сөз сөйледі.
Семинардың бірінші күні қатысушылар дөңгелек үстел өткізіп, сумен жабдықтау мақсаттарына жету үшін су ресурстарының өзгеруін болжау үшін деректерді жинауды дұрыс құрылымдау және басқару қажеттілігі талқыланды.