MNU Logo

5

Гендерлік теңдік

card Poster

16 күндік белсенді әрекет: өнер – гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес құралы.

2024 жылғы 27 қарашада Maqsut Narikbayev University қабырғасында “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет” жаһандық науқаны аясында маңызды іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі бөлігінде үш қысқаметражды фильм көрсетіліп, қазіргі заманның ең өткір және ауыр мәселелерінің бірі – гендерлік зорлық-зомбылықты талқылау үшін режиссерлерді, белсенділер мен студенттерді жинаған панельдік пікірталас өтті.

Іс-шара Франция мен Бельгияның Қазақстандағы елшілерінің алғы сөзімен ашылды. Елшілер Сильван Гиоге мен Анри Вантигем гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Олар әйелдер мен қыздардың құқықтары қорғалатын, зорлық-зомбылық жағдайлары тиісті деңгейде назарға алынып, жүйелі түрде шешілетін қауіпсіз ортаны құру үшін бірігіп жұмыс істеу қажет екенін алға тартты.

Спикерлер қатарында “БҰҰ-әйелдер” құрылымының елдік кеңсесі басшысының міндетін атқарушы Дина Амришева, “Гүлмира” қысқаметражды фильмінің режиссері Айнамкөз Есжанова, “Pay the Bill” әлеуметтік жобасының продюсері Әсел Ержанова және “Қорғау Астана” дағдарыс орталығының жетекшісі Анна Рыль болды. Іс-шарада өнердің әлеуметтік мәселелерге назар аударту, стериотиптерді бұзу және өзгерістерге итермелейтін шабыт беру құралы ретіндегі маңызына ерекше назар аударылды.

Айнамкөз Есжанова күрделі тақырыптарда фильмдер түсіру тәжірибесі туралы өз сөзінде:
«Кино зорлық-зомбылық құрбанының ішкі әлемін, оның тәжірибесі мен күресін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл қоғам өзін көре алатын, мәселені түсінетін және әрекет ете бастайтын айна».

Ол өзінің фильмінде психологиялық зорлық-зомбылыққа, оны тану қиындықтары мен адамдарға тигізетін зардаптарына назар аудартады.

Анна Рыль зорлық зомбылық құрбандарымен практикалық тәжірибесімен бөлісе отыра:
«Зорлық-зомбылықтың тұйық шеңберінен шығу үшін кешенді психологиялық, әлеуметтік және экономикалық қолдау қажет. Онсыз әйелдер осал болып қалады және қоғам оларға нақты көмек көрсетуге міндетті», деп айтты.

Пікірталасқа қатысушылар осы саладағы заңнаманы өзгерту және алдын алу шараларын күшейту қажеттілігін де талқылады. Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тек мемлекеттің ғана емес, әрбір қоғам мүшесінің міндеті екені атап өтілді. Халықтың барлық топтарын тарту және дағдарыс орталықтарын дамыту – қауіпсіз орта құру жолындағы маңызды қадам екендігі алға тартылды.

Іс-шара қатысушылардың зорлық-зомбылыққа деген көзқарасын өзгерту және құрбандарды қолдау ісіндегі өнердің рөлін талқыға салған сұрақ-жауап сессиясымен аяқталды. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар бұл шараның гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы күрес пен әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғауға бағытталған ұлттық науқанға қосқан тағы бір үлесі екеніне сенім білдірді.

card Poster

ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ «16 КҮНДІК БЕЛСЕНДІ ӘРЕКЕТ» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА УНИВЕРСИТЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ КЕЙС-ЧЕМПИОНАТ

2024 жылдың 25 қарашасында Maqsut Narikbayev University қабырғасында жаһандық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» науқаны аясында Астана университеттері арасында қалалық кейс-чемпионат өтті. Чемпионат гендерлік теңдік мәселелерін талқылауға және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналған инновациялық шешімдерді әзірлеуге арналды.

Қатысушылардың жұмысын жоғары білікті қазылар алқасы бағалады, оның құрамына ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Астана қаласы полиция департаментінің, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының және Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Кеңсесінің өкілдері кірді.

Чемпионатқа Астананың жетекші бес университетінен студенттер командалары қатысты:

• Astana IT University;

• Астана Халықаралық Университеті;

• Астана Медицина Университеті;

• Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті;

• Maqsut Narikbayev University.

Гендерлік зорлық-зомбылық мәселесі туралы жастардың хабардарлығын арттыру үшін MNU командасы креативті және технологиялық бағытталған шешімдерді ұсына отырып, шеберлігінің арқасында чемпионатта екінші орынға ие болды.

Чемпионаттың шарықтау шегі Maqsut Narikbayev University мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Үйлестірушісі Стивен О ‘ Малли арасындағы Өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюы болды. Бұл құжат тараптардың гендерлік теңдікті ілгерілетуге және зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған білім беру және зерттеу жобаларында бірлесіп жұмыс істеу ниеттерін бекітті.

Университет чемпионатқа қатысушы барлық студенттер мен университеттерге белсенді қатысып, жоғары дайындық деңгейі мен өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылауға қосқан құнды үлесі үшін алғыс білдіреді.

Тең әрі қауіпсіз қоғамды бірге құрайық!

card Poster

Лейден Университетінің профессоры Пинар Олсердің қонақ дәрісі

2023 жылдың 7 желтоқсанында Мақсұт Нәрікбаев атындағы Университет Пинар Олсерді “Тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам құқықтары.”

Профессор Олсер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың ауырлығын мойындауға баса назар аудара отырып, соттардың қылмыстық сот төрелігі контекстіндегі шешуші рөлін көрсететін презентация жасады.

Дәріске дипломатиялық корпустың, профессорлар мен студенттердің, дипломатиялық мектептің, Омбудсмен Клубының өкілдері, сондай-ақ Конституциялық Сот сияқты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Осы іс-шараны ұйымдастырудағы баға жетпес қолдауы үшін Нидерланды Корольдігінің Елшілігіне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

card Poster

БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі  кеңсесінде коммуникациялар мен адвокатураға маманданған даму жөніндегі үйлестіруші Эльнара Байназарова ханымның қонақ дәрісі

2023 жылдың 22 қарашасында Мақсұт Нәрікбаев атындағы Университетте “Қолданбалы Дипломатия” курсы аясында Эльнара Байназарова ханымның қонақ дәрісі өтті. Байназарова ханым – БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Үйлестірушісі Кеңсесінде коммуникациялар мен адвокатураға маманданған тәжірибелі даму үйлестірушісі.

 Дәріс барысында Байназарова ханым өзінің кәсіби жолы туралы айтып, Біріккен Ұлттар ұйымы (БҰҰ) жүйесінің қыр-сыры жалы сөз қозғады. Ол тұрақты даму және көпжақты дипломатияның басты рөлі тақырыптарын қозғады. Сонымен қатар, дәріскер қазіргі заманның тұрмыстық зорлық-зомбылық және гендерлік теңсіздік сияқты маңызды мәселелерін атап өтіп, олардың қазіргі әлемдік қауымдастық үшін маңыздылығын атап өтті.

 Біздің құрметті қонағымыз жасаған негізгі тұжырымдардың бірі – сіз жұмыс істейтін ұйымның принциптерін қолдаудың маңыздылығын түсіну, мұндай сәйкестік адамға өзін жоғалтпауға мүмкіндік береді.

card Poster

MNU Түлектерінің Әйелдер Клубы арқылы әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту

MNU Түлектерінің Әйелдер Клубы түлектер арасында әйелдердің көшбасшылығы мен кәсіпкерлігін белсенді түрде насихаттайды. 2023 жылы “Өз бизнесіңізді заңды түрде бастау”, “Әйелдер құқығы” және “Кәсіпкерлер үшін салықты есептеу” сияқты тақырыптар бойынша үш семинар өткізілді”. Сертификатталған халықаралық желі қолданушысы және іскер Әйел Мархифат Габит басқаратын клуб әйел түлектерге тәлімгерлік, желілік және жан-жақты қолдау көрсетеді.

card Poster

М. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті ТДМ 5 мақсаттарына сәйкес гендерлік теңдікті насихаттауға міндеттенеді

М. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті әйелдердің құқықтарын қорғау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету мақсатында ТДМ 5-ті қолдауды белсенді түрде жүзеге асырады. Университет қызметкерлерінің гендерлік қатынасы бойынша жүргізілген талдау гендерлік теңдікке жетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін көрсетеді. 2023 жылғы мәліметтер бойынша қызметкерлер арасындағы әйелдер үлесі 59,8%, ал академиялық қызметкерлер арасындағы әйелдер үлесі 61,1%-ды құрайды. Университеттің басшылық құрамында да елеулі жетістіктерге жетілген. Бөлімдер басшыларының 56,4%-ы әйелдер, ал жоғары мектептердің басшыларының 80%-ы әйелдер болып табылады. Университеттің барлық төрт жоғары мектебі әйелдер тарапынан басқарылып келеді, ал 11 проректордың 9-ы әйелдер. Университет барлық қызметкерлерге тең мүмкіндіктер жасау үшін менторлық бағдарламаларды, икемді жұмыс кестелерін енгізуді және әйелдердің ғылыми зерттеулерге қатысуын қолдауды жалғастыруда.

card Poster

М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік акциясы өтті

2023 жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күніне арналған бірқатар әсерлі іс-шаралар өтті. “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік акциясы” аясында дәрістер мен пікірталастар өтті, онда көптеген спикерлер—әйелдер құқығын қорғаушы белсенділер, психологтар мен заңгерлер қатысты. Сессиялар гендерлік зорлық-зомбылықтың әртүрлі аспектілеріне арналды, құқықтық қорғау, психологиялық қолдау және зорлық-зомбылықпен күресу стратегиялары туралы түсінік берді. Бұл іс-шаралар әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, хабардарлықты арттыру және гендерлік теңдік пен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін күресті ілгерілету туралы маңызды әңгімелер тудырды.

card Poster

М. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде тең құқықтарды және жұмыс пен өмір тепе-теңдігін қолдау

М. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті баршаға тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге ұмтылады, өйткені біз өз қызметкерлеріміздің көбісі отбасына қамқорлық жасап, оларға қолдау көрсетуде бірқатар жауапкершіліктерді бөлісетінін түсінеміз. Университет қызметкерлерінің жартысынан көбі әйелдер болып табылады, және біз баршаға жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігін қолдауға бағытталған шаралар қабылдауға тырысамыз. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, біз жүкті қызметкерлерді, жас ата-аналарды және жалғыз басты ата-аналарды жұмыстан босатудан қорғап, оларға декреттік демалыс, жұмыс орнын сақтау және бала күтімі үзілістерін беру құқығын қамтамасыз етеміз. Студенттер арасында жас ата-аналарға «Білім туралы» заң аясында академиялық демалыс беріледі. М. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті қызметкерлері мен студенттеріне арналған балаларға қолайлы кеңістіктер ұсына отырып, отбасы және жұмыс міндеттерін сәтті үйлестіруіне мүмкіндік беретін қолайлы орта жасайды. Біз университетіміздің әрбір мүшесіне терең қамқорлықпен қараймыз және олардың адалдығымен мақтанамыз. Олардың жетістіктері бізді бәрімізді шабыттандырады және университет қауымдастығының табысы мен әл-ауқатына үлкен үлес қосады.

card Poster

Тәлімгерлік – бұл студенттерге мансапта жаңа деңгейге көтерілуге және осы саланың кәсіби мамандарынан үйренуге көмектесетін бірегей университеттік жоба.

Университет студенттеріне тәлімгерлік – бұл студенттер мен тәлімгерлердің өзара әрекеттесу үрдісі, оның мақсаты тәлімгердің тәжірибесі мен білімін беру және студенттерге оқу, ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмыстарда қолдау көрсету болып табылады.

Студенттерге тәлімгерлік келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылады:

  1. Студенттермен практикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісу;
  2. Студенттермен бірге практикалық тапсырмалар мен кейстерді шешу;
  3. Студенттермен бірлесіп зерттеу жүргізу, бірлескен мақалалар, тезистер, ғылыми еңбектер дайындау және жариялау;
  4. Тәлімгерлік ұйымы шеңберінде студенттерге тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру;
  5. Студенттерге мансаптық жоспарлау бойынша кеңес беру.
card Poster

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы “16 Күндік Белсенділік” халықаралық акциясы аясында Maqsut Narikbayev University Құқық жоғары сектебінің Доценті, Phd Докторы Муслим Хасенов “Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет: Мәселелер мен Шешімдер” тақырыбында семинар өткізеді”.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз