Ақпараттық ресурстар менеджері (АРМ) оқырмандарға қызмет көрсету бөліміне (ОҚК)

Өтінішіңізді жіберіңіз

Міндеттері:

  • LLC және BBC кітапханалық американдық классификациясына сәйкес кітаптарды уақытылы орналастыру. Қорды өңдеу (кітаптардың өз орындарында болуын қамтамасыз ету);
  • Оқырмандарға электронды каталогта жұмыс істеу бойынша кеңес беру, өз бетінше іздеуді үйрету;
  • Оқырмандардың кітапханаға сырт киіммен, кофе мен тамақпен кірмеуін қадағалау;
  • Оқырмандардың әдебиетке деген сұранысын, сұраныстарын талдау және әдебиетті сатып алуға кеңес беру;
  • Кітап тізімдерімен жұмыс, қорларды түгендеу, тексеру;
  • Студенттерге электронды каталогпен, электрондық ресурстармен жұмыс жасау бойынша презентациялар дайындау және оқыту сабақтарын өткізу;
  • Студенттерге арналған іс-шараларды ұйымдастыру: конкурстар, квесттер, викториналар және басқа да іс-шаралар түрлері.

Талаптар:

  • Ұқыптылық және жауапкершілік;
  • Ағылшын тілін білу;
  • Клиенттерге қызмет көрсету тәжірибесі, жақсы қарым-қатынас дағдылары;
  • Жанжалды жағдайларды шеше білу;
  • Аналитикалық қабілеттер, жақсы жады;
  • MS Excel, MS Word кеңсе бағдарламаларын білу;
  • Кеңсе жабдықтарымен жұмыс жасау (принтерлер, сканерлер, тапсырыс бойынша кітаптарды цифрландыру);
  • Үлкен жұмыс көлемімен жұмыс істей білу;
  • Көпшілік алдында сөйлеуге дайын болу;
  • Іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуға  дайын болу;
  • Шығармашылық, батыл және креативті болу.

Жұмыс шарттары:

  • Бәсекелестік жалақы;
  • Кәсіби және жеке өсу мүмкіндіктері;
  • Жақсы ұжым, жоғары корпоративтік мәдениет;
  • Жоғары интеллектуалды академиялық орта;
  • Жайлы демалыс орындарында, тегін кофесі бар ішкі коворкингтерде, кең оқу, ғылыми-танымдық және көркем әдебиеті бар кітапхана аймақтарында жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • Идеялар мен жобаларды талқылау үшін басшылармен және әріптестермен байланысу үшін ашық орта;
  • KPI негізіндегі сыйлықақы жүйесі арқылы қызметкерлерді марапаттау;
  • Денсаулық пен физикалық белсенділікті қолдау үшін спортзалға тегін кіру мүмкіндігі.