Астана | кеңсе жұмысы
Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND талдау орталығы зерттеу және консалтингтік жобаларды қаржыландыру мен қолдауды тарту үшін тәжірибелі және бастамашыл грант-менеджерді іздейді.
Міндеттері:
– Ұлттық және халықаралық гранттарды іздестіру
– Жобалық өтінімдер мен бюджеттерді әзірлеу: тұжырымдамалық идеядан егжей-тегжейлі жобалық ұсынысқа дейін
– Демеушілермен және зерттеу топтарымен байланыс орнату
– Ағымдағы гранттарды әкімшілендіру және есеп беруді қалыптастыру
– Қызметкерлерге грант менеджменті бойынша оқыту жүргізу
Талаптар:
– Экономика, заңтану, жобаларды басқару және басқа салалар бойынша магистр дәрежесі
– Гранттарды дайындау және әкімшілендіру саласында 5-7 жылдық тәжірибе
– Қаржыландыруды тарту бойынша табысты кейстер
– Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру
– Гранттық механизмдерді, реттеуші ортаны және бюджеттеуді жетік білу
– PMP, CMPE, CRA және басқа да сертификаттардың болуы
Біз не ұсынамыз:
– Бәсекеге қабілетті жалақы
– Ғылым, білім және мемлекеттік басқару тоғысындағы жобаларға қатысу
– Халықаралық серіктестік және кәсіби өсу
– Пәнаралық мықты командада жұмыс істеу
– Компания есебінен корпоративтік іс-шаралар, жаттығу залы, жайлы жұмыс орны.
Өтінімді қалай беруге болады?
Резюме, мотивациялық хат және портфолио/жұмыс үлгілерін 2025 жылдың 30 тамызына дейін мына почтаға жіберіңіз: ainur_kaztay@kazguu.kz
Хаттың тақырыбы: Грант-менеджер – [Т.А.Ә.]
Нақты мүмкіндіктер арқылы ғылымды дамытатын ұжымға қосылыңыз!