Қойылатын талаптар:
• Журналистика/медиа бағыты бойынша халықаралық аккредиттелген және/немесе халықаралық танылған (жақсырақ шетелдік жоғары оқу орны) ЖОО бакалавры/магистрі (ғылыми-педагогикалық магистратура) дәрежесінің болуы;
• Тілдер: қазақ, орыс, ағылшын;
• оқытылатын пән бойынша кемінде 3 жыл кәсіби және/немесе оқытушылық тәжірибе;
• БАҚ-тағы практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 1 жыл;
• бейімділік, креативтілік, еңбекқорлық, жауапкершілік, аудиториямен және ұжыммен жұмыс істей білу;
• оқытуды жоспарлап отырған пән бойынша жұмыс портфолиосы (сілтемелер);
• оқыту әдістемесін білу, заманауи технологияларды қолдану.
Біз не ұсынамыз:
• үміткердің тәжірибесі мен біліктілігіне негізделген бәсекеге қабілетті жалақы;
• кәсіби және тұлғалық өсу мүмкіндіктері;
• достық ұжым, жоғары корпоративтік мәдениет, жоғары зияткерлік академиялық орта;
• икемді жұмыс кестесі, жайлы лаундж-аймақтар, ауқымды оқу, ғылыми-танымдық және көркем әдебиеттері бар кітапхана ресурстарына қолжетімділік;
•Компания есебінен корпоративтік іс-шаралар, жаттығу залы;
•MNU-да қонақ дәрістерге, семинарларға қатысу мүмкіндігі;
• 56 күнтізбелік күн көлемінде ақылы еңбек демалысы.