MNU Logo

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау конкурсы туралы

2025-2026 оқу жылының қысқы емтихан сессиясының нәтижелері бойынша жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындауға конкурс жарияланады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы №443 «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежесін беру арқылы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған білім беру грантын тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес: «Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үдерісінде босаған, оның ішінде батыс, халқы тығыз қоныстанған және жаңадан құрылған өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары (бұдан әрі – бос гранттар) білім беру бағдарламалары топтары бойынша ақылы негізде оқып жатқан білім алушыларға конкурс негізінде беріледі».

Конкурс бүкіл оқу кезеңінде үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша өткізіледі.

Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- (“өте жақсы”) білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- (“өте жақсы”) бастап В+, В, В-, С+ (“жақсы”) дейінгі бағалар, бұдан әрі – аралас бағалар.

Босаған білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:Құжаттар 2026 жылдың 19 ақпанға дейін қабылданады.

Жоғары мектептерге ұсынылатын құжаттардың тізімі:

  1. 1

    Білім алушының GPA-ды ашық жариялауға келісім беруімен «M.S. Narıkbayev atyndağy KAZGUU Unıversıteti» АҚ Провостының (Ректорының) атына өтініш.

  2. 2

    Транскрипт (сессия аяқталғаннан кейін);

  3. 3

    Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. 4

    Әлеуметтік мәртебесін растайтын анықтама (бар болса).

2026 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша Казахстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған бос білім беру гранттарының саны:

Білім беру бағдарламалары топтарының және білім беру бағдарламаларының атауы Түскен жылы
2025 2024 2023 2022
В037 Филология: 6B02303 Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика 1
B044 Менеджмент және басқару: – 6B04115 Менеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру – 6B04116 Ақпараттық технологиялар саласындағы іскерлік әкімшілендіру 1 1
В045 Аудит және салық салу: – 6B04111 Бухгалтерлік есеп саласындағы іскерлік әкімшілендіру 1
В049 Құқық: – 6B04201 Құқықтану – 6B04202 Халықаралық құқық 1 2
В091 Туризм: – 6B11101 Қонақжайлық – 6B11102 Туризм 2 1 2

Назар аударыңыз! Конкурсқа қысқы емтихан сессиясы бойынша академиялық қарызы жоқ, ақылы негізде білім алатын білім алушылар қатысуға құқылы.

Конкурсқа қатысуға жіберілмейді:

    1. Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын білім алушы;

    1. ағымдағы оқу жылында «F» бағаларымен академиялық қарызы бар білім алушы (мемлекеттік білім беру грантына және/немесе MNU грантына ауысу кезеңінде);

    1. басқа білім беру бағдарламаларынан және өзге де ЖЖООБҰ-дан ауысқан немесе қайта қабылданған білім алушы. Бұл санаттағы білім алушылардың қатысу құқығы толық (бір) оқу жылын аяқтағаннан кейін ғана басталады;

    1. тәртіптік жазасы (ескерту, сөгіс немесе қатаң сөгіс) бар білім алушы.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз