MNU Logo

Емтихандарды өткізу түрлері

Білім алушылардың оқыту жетістіктерін және олардың күтілетін нәтижелеріне қол жеткізу дәрежесін бағалау үшін Университет келесі бақылау түрлерін ұсынады:

Ағымдық бақылау – оқытушының академиялық кезең ішінде бағаланатын және/ немесе бағаланбайтын бақылау шаралары арқылы бекітілген силлабусқа сәйкес аудиторияда және аудиториядан тыс сабақтарда пән бойынша білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру

Қорытынды бақылау (бар болса) – білім алушылардың пән, практика, бейресми білім беру курстар шеңберінде, сондай-ақ Университеттің ішкі нормативтік құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда жүргізілетін теориялық және (немесе) практикалық оқуын аяқтағаннан кейінгі білімін тексеру;

Ағымдық бақылаудың нысандары мен форматтары

Ағымдық бақылау білім алушылардың пән бойынша оқыту нәтижелеріне қол жеткізуін тексеруге бағытталған бақылау шараларының орындалуы арқылы жүзеге асырылады.

 

Ағымдық бақылау өткізілу шарттарына қарай әртүрлі нысанда жүргізілуі мүмкін:

– ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы орындалатын онлайн-бақылау шарасы форматында;

– оқытушының (проктордың) тікелей бақылауымен аудиторияда орындалатын бақылау шарасы форматында.

 

Оқу материалдарын пайдалану режиміне байланысты ағымдық бақылау тапсырмалары мынандай түрлерге бөлінеді:

– оқытушы тікелей рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда, кез келген қосымша материалдарды пайдаланбай орындалатын closed book форматындағы бақылау шаралары;

– студенттердің оқу, нормативтік және басқа да материалдарды оқытушы белгілеген шекте пайдалануына рұқсат етілетін open book форматындағы бақылау шаралары.

 

Ағымдық бақылау нысандарын оқытушы силлабуста белгіленген пән бойынша оқытудың мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін ескере отырып айқындайды және олар:

– жазбаша тапсырмаларды (мысалы, кейс шешу, эссе жазу, мақала жобасын жазу және басқалар);

– ауызша тапсырмаларды (мысалы, сауалнама, баяндама және басқалар);

– жобаларды;

– таныстырылымдарды;

– топтық жұмыстарды;

– тестілеуді;

– бағалаудың басқа да түрлерін қамтуы мүмкін.

Осы Бағалау саясатының мақсаттары үшін ағымдық бақылаудың аталған нысандары мынадай түрде беріледі:

 

Қорытынды бақылау (емтихан)

Емтихан білім алушылардың пән бойынша оқыту нәтижелеріне қол жеткізу деңгейін кешенді бағалау мақсатында өткізіледі.

Емтихан жазбаша, ауызша немесе аралас түрде өткізілуі мүмкін. Емтихан түрін оқытушы білім беру бағдарламасының басшысымен келісіп, пәннің ерекшелігін, белгіленген оқыту нәтижелерін ескере отырып таңдайды және олардың әділ бағалануын қамтамасыз етуге тиіс. Емтихан нысаны силлабуста көрсетіледі.

Емтихан өткізілетін пәндердің тізбесін білім беру бағдарламасының басшысы анықтайды және Жоғары мектептің Академиялық сапа комитеті академиялық кезең басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын бекітеді.

 

Қорытынды аттестаттау

– Бакалавриат білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау немесе кешенді емтихан тапсыру нысанында өткізіледі. Кешенді емтихан нысанындағы қорытынды аттестаттау бағдарламаларын Жоғары мектептердің Академиялық сапа комитеттері бекітеді.

– Магистратура білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау магистрлік диссертацияны (жобаны) жазу және қорғау түрінде өткізіледі.

– Докторантура білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен Дәрежелерді беру ережелеріне сәйкес өткізіледі.

GPA және бағалау өлшемшарттары

Оқу тапсырмаларының барлық түрлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері білімді бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады, дәстүрлі бағалар шкаласына аудару 1-кестеге сәйкес жүргізіледі.

 

1-кесте. Дәстүрлі бағалар шкаласына аударумен білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингтік әріптік жүйесі.

Әріптік жүйе бойынша баға  

Сандық баламасы

Балл (%-дық құрамы)  

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

 

Бағалау өлшемшарттарының жалпы сипаттамасы

А 4,0 95-100  

Үздік

Білім алушы жоғары деңгейде пәнді меңгеру шеберлігін бейнелейді. Бұл баға – сыни ойлау қабілетінің жоғары даму деңгейінің көрсеткіші.
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89  

 

 

Жақсы

Білім алушы өте жақсы оқу үлгерімінің деңгейін көрсетуде.

Бұл бағалар сыни ойлау қабілетінің жақсы даму көрсеткіштерін айқындайды.

В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74
С 2,0 65-69  

 

 

Қанағаттанарлық

Білім алушы оқу үлгерімінің төмен деңгейін бейнелейді.

Бұл бағалар сыни ойлау дағдыларының                                                   жартылай меңгерілгенін көрсетеді.

С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
 

FX

 

0,5

 

25-49

 

 

 

 

Қанағаттанарлықсыз

Білім алушы оқу үлгерімінің өте төмен деңгейін көрсетеді, емтиханды қайта  тапсыру  үшін  тағы  жұмыс жасау қажет.
 

 

F

 

 

0

 

 

0-24

Білім алушы оқу үлгерімінің өте төмен деңгейін көрсетеді. Бұл бағалар сыни ойлау дамуының тым қанағаттанарлықсыз көрсеткіштерін көрсетеді.

 

 

Ағымдағы және қорытынды бақылауды бағалау өлшемшарттары пәннің силлабусында жазылады.

«FХ» «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған кезде оқу пәні (модуль) бағдарламасын қайта өтпей-ақ ЖОО-ның Академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) бір реттен артық тапсыруға жол берілмейді.

«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» қорытынды баға алған жағдайда, білім алушы аталған пәнге/модулге қайта жазылуы, оның бүкіл бағдарламаласынан өтуі, барлық тапсырмаларды орындауы, белгіленген тәртіппен қорытынды бақылауға рұқсат алуға, қорытынды бақылауды (емтиханды) тапсыруы тиіс. Оқу пәніне/модулге тек ақылы негізде ғана қайта жазылуға болады.

«Дене шынықтыру» пәні бойынша кредиттер беріліп «есепке алынған» немесе «есепке алынбаған» бағаларын қойып сынақ тапсырылады. GPA есептеу кезінде бағалары ескерілмейді.

1 және 2-курс студенттері міндетті түрде «Дене шынықтыру» пәнін өтуі тиіс.

Кәсіптік практиканың барлық түрлері бойынша баға қойылады, академиялық кредиттер беріледі. Практиканың барлық түрлері бойынша бағалар GPA есептеу кезінде ескеріледі.

 

 

Бағалау тәртібі

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау оқытылатын пәндер бойынша білімді бағалау арқылы, ағымдық және қорытынды (бар болса) бақылау кезінде бағаланған шараларға негізделіп жүргізіледі.

Сабаққа тиісті дайындықты қамтамасыз ету үшін оқытушы курс мазмұнын LMS-те Университеттің ішкі ережелерімен және /немесе Жоғары мектептің Академиялық сапа комитетінің шешімдерімен белгіленген талаптарға сай орналастырады.

Ағымдық және қорытынды бақылаудың пайыздық арақатынасын оқытушы өзі анықтайды және ол силлабус ұсынылған кезінде Академиялық сапа комитетінде бекітіледі.

Бақылаусыз немесе аудиториядан тыс (оқытушының тікелей бақылауынсыз) орындалған бақылау шаралары бойынша бағаның пайыздық үлесі бакалавриат білім беру бағдарламаларында қорытынды курс бағасының 20 %-нан аспауы керек; магистратура және доктарантура бағдарламаларында бұл пайыз оқытушының негіздемесі және бағдарлама Директорының келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер Жоғары мектептің Академиялық сапа комитетімен бекітілуі керек.

Барлық бақылау түрлері өткізіледі, ал білім алушылардың оқу жетістіктері академиялық күнтізбе мен пән силлабусына сәйкес жүргізіледі.

Барлық бақылау шаралары және/немесе емтихандардың нәтижелерін бағалау бағалаудың  өлшемшарттарына негізделіп жүргізіледі.

Бағалау нәтижелерін оқытушы LMS-те бағаларды бөлу қисығын қолданған соң, Университеттің академиялық саясатында және Бағалау саясатында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақылға қонымды мерзімде, бірақ бақылау шарасы және/ немесе емтихан өткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды.

Объективті мән-жайлар болған жағдайда, осы тармақта көрсетілген мерзімдер Жоғары мектеп Директоры (деканымен) келісімімен және Жоғары мектептің Академиялық сапа комитеті мен профессорлық-оқытушылық құрамға міндетті түрде хабарлау арқылы өзгертілуі мүмкін.

Оқытушы білім алушылардың бағаларын LMS жүйесіне уақытылы және дұрыс енгізуге жауапты.

Жарияланған бағалар түпкілікті (соңғы) болып табылады.

 

Үлгерімнің орташа баллы (Grade Point Average – GPA) – таңдап алған бағдарлама бойынша белгілі бір оқу кезеңі ішінде білім алушының қол жеткізген білім деңгейінің орташа өлшемді бағасы (осы оқу кезеңі ішіндегі кредиттердің жалпы санына пәндер бойынша аралық аттестаттау бағалары баллдарының сандық баламасындағы кредиттердің жалпы сомасының қатынасы).

GPA есептеу кезінде бағаның сандық белгіленуі пәнге бекітілген кредиттердің санына көбейтіледі. Барлық пәндердің нәтижелері қосылады. Үлгерімнің орташа жиынтық баллын анықтау үшін кредит сағатының мөлшері білім алушы алған кредиттердің жалпы санына бөлінеді.

Білім алушының транскриптінде GPA көрсетіледі: академиялық кезең, оқу жылы және бүкіл оқу кезеңі үшін.

Кейбір пәндер академиялық пәндердің құрамына кірмейді және олар бойынша алынған кредиттердің саны білім алушы курстан курсқа өткен кезде ескерілмейді, оларды оқу міндетті болып табылады. Қосымша пәндердің тізімі оқу жоспарында бекітіледі.

Емтиханды өткізу тәртібі

Емтихан өткізілетін жерде оны өткізу барысында белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін прокторлар тағайындалады. Прокторинг кестесі мен жауапты тұлғалардың тізімін Жоғары мектеп Директоры (деканы) бекітеді және оларға алдын ала жіберіледі.

Прокторлар:

  • – өзіне бекітілген аудиторияға емтихан басталғанға дейін кемінде 30 (отыз) минут бұрын келуге;
  • – тыйым салынған (бөгде) заттарды анықтау мақсатында аудиторияны тексеруге;
  • – емтихан басталғанға дейін білім алушылардың жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз етуге;
  • – емтихан барысында білім алушылардың академиялық адалдық ережелерін және емтихан тапсырмаларын орындау үшін белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында үнемі емтихан өтіп жатқан жерде болуға;
  • – белгіленген тәртіп бұзылған жағдайда оны тіркеуге және бұл туралы кезекші Директордың (деканның) орынбасарына, Жоғары мектеп Директорына (деканына) немесе Жоғары мектептің әкімшілік-басқару жұмыскерлерінің өкіліне дереу хабарлауға;
  • – емтихан материалдарының тиісті түрде таратылуын және жиналуын қамтамасыз етуге міндетті.
  • – Емтихан тапсыруға жіберілмеген тұлғалар анықталған жағдайда, прокторлар білім алушылардың жеке басын сәйкестендіру кезеңінде оларға бұл туралы хабарлайды. Егер мұндай тұлға емтихан барысында анықталса, ол анықталғаннан кейін дереу аудиториядан шығарылады, ал оның жұмысы шифрлауға және бағалауға жіберілмей, жарамсыз деп танылады.
  • – Емтихан барысында пайдалануға рұқсат етілмеген барлық материалдар мен заттар, оның ішінде мобильді құрылғылар, смарт-сағаттар, деректерді беру құрылғылары, құлаққаптар, кітаптар, оқу құралдары, шимай қағаздар және жазбалар, емтихан басталғанға дейін білім алушылар тарапынан прокторлар белгілеген орынға қойылуы керек.
  • – Емтиханның ұзақтығы, әдетте, 2 (екі) астрономиялық сағат көлемінде белгіленеді. Білім беру бағдарламасы басшысының дәлелді ұсынысы негізінде қабылданатын Жоғары мектептің Академиялық сапа комитетінің шешімі бойынша емтиханның уақыты ұзартылуы мүмкін, бірақ ол 3 (үш) астрономиялық сағаттан аспауы керек. Мұндай шешім академиялық кезең аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) апта бұрын Университеттің Тіркеу кеңсесіне хабарлануы керек.
  • – Емтихан барысында білім алушылар академиялық адалдық принциптерін, сондай-ақ оқытушы белгілеген және өзге де талаптарды сақтауы керек. Ол талаптар туралы білім алушыға алдын ала хабарланады.
  • – Егер Академиялық сапа комитеті шешімімен немесе Жоғары мектеп Директорының (деканының) шешімімен белгіленбесе, білім алушылардың аудиториядан шығуына жол берілмейді. Төтенше медициналық жағдай туындаған кезде прокторлар бұл туралы дереу Жоғары мектеп Директорының (деканының) орынбасарына, Жоғары мектеп Директорына (деканына), ал олар болмаған жағдайда – Жоғары мектептің әкімшілік-басқару жұмыскерлерінің өкіліне хабарлайды және білім алушыны медициналық пунктіге дейін алып барады.
  • – Академиялық адалдық принциптерінің, аудиториядағы тәртіптің немесе емтихан өткізу ережелерінің бұзылғаны анықталған жағдайда, сондай-ақ білім алушының (білім алушылардың) емтихан тапсыруын жалғастыруына объективті түрде кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар туындаған кезде, прокторлар бұл туралы дереу Директордың (деканның) орынбасарына және (немесе) Жоғары мектеп Директорына (деканына) немесе Жоғары мектептің әкімшілік-басқару жұмыскерінің өкіліне хабарлайды және осы Бағалау саясатындағы 1-қосымшаға сәйкес акт жасайды. Академиялық адалдық принциптерін, аудиториядағы тәртіпті немесе емтихан өткізу ережелерін бұзғаны туралы акт жасалған білім алушылар аудиториядан шығарылады, ал қолда бар материалдар шешім қабылдау үшін Жоғары мектептің Этика комитетіне беріледі.
  • – Емтиханды мерзімінен бұрын тапсырған білім алушылар дереу аудиториядан шығады.
  • – Білім алушылар емтихан аяқталатын уақытқа дейін барлық материалдар мен өздерінің емтихан жұмыстарын тапсыруы керек. Емтиханға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін тапсырылған жұмыс салдары оның бағасының нөлге айналуына әкеліп соғуы мүмкін.  Бұндай жағдайда Бағалау саясатынының 1-қосымшасына сәйкес Директордың (деканның) орынбасарын, Жоғары мектеп Директорын (деканын) немесе әкімшілік-басқару жұмыскерлерінің өкіліне хабарлай отырып тиісті акт жасалады.

Емтихан нәтижелерін қайта қарау және апелляция

Бағалау нәтижелерін қайта қарау (апелляция)

Академиялық кезең ішінде пән бойынша өткізілетін бағаланатын бақылау шараларына, сондай-ақ «Reading & Preparation» тапсырмалар тобы шеңберіндегі жазбаша сынаққа қатысты ғана ағымдық бақылау нәтижелерін қайта қарауға (апелляцияға) рұқсат етіледі.

Білім алушы ағымдық бақылау нәтижесімен келіспеген жағдайда, нәтижелер жарияланғаннан кейін LMS жүйесінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде Smart MNU мобильді қосымшасы арқылы Жоғары мектеп Директоры (деканы) атына нәтижелерді қайта қарау (апелляция) туралы уәжді өтініш береді.

Білім алушының тиісті тәртіппен берілген өтініші Университеттің электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы керек.  Өтінішті қарау мерзімі 1 (бір) күнтізбелік айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы білім алушыға міндетті түрде хабарланады.

Ағымдық бақылау нәтижелерін қайта қарау (апелляция) туралы өтініште білім алушы:

  • – білім алушының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);
  • – оқу курсын;
  • – білім беру бағдарламасын;
  • – байланыс деректерін (электрондық поштасы, телефоны);
  • – пән атауы мен оқытушының тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);
  • – бағаланатын бақылау шарасының (бар болса), жазбаша сынақтың нөмірі және оны өткізу күнін;
  • – дауланатын нәтиженің LMS жүйесінде жарияланған күнін;
  • – ағымдық бақылау нәтижесінің негізсіздігін немесе оның басқалардан ерекшеленіп, әділетсіз бағаланғандығын дәлелдейтін нақты мән-жайларды көрсетеді.

Өтініш белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Жоғары мектеп Директоры (деканы) өтінішті қарауға қабылдауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жою керектігін көрсете отырып оны қараусыз қалдыруға құқылы.

Егер өтініште ағымдық бақылау нәтижелерін даулаудан (апелляциядан) бөлек, қаралуы мен шешілуі тиісті Комитеттің құзыретіне кіретін уәждер көрсетілсе, Жоғары мектеп Директоры (деканы) ағымдық бақылау нәтижелерін қайта қарау (апелляция) туралы өтінішті толықтай немесе ішінара Жоғары мектептің Академиялық сапа комитетінің немесе Этика комитетінің қарауына беруге де құқылы.

Егер өтініш белгіленген талаптарға сәйкес келсе, Жоғары мектеп Директоры (деканы) оқытушыдан өтінішті толыққанды қарау үшін қажетті материалдарды, сондай-ақ егер ол бұрын ұсынылмаған болса, пікірді (кері байланысты) талап етеді.

Ағымдық бақылау нәтижелерін қайта қарау (апелляция) мақсатында Жоғары мектеп Директоры (деканы) Жоғары мектептің кемінде 3 (үш) оқытушысынан тұратын, тақ санды мүшелері бар апелляциялық комиссия құрады және оның төрағасын айқындайды. Апелляциялық комиссия құрамына өтініштің уәждері мен тексерілетін жұмыстың мазмұнын әділ бағалауға мүмкіндік беретін тиісті немесе тектес саладағы қажетті академиялық және (немесе) кәсіби құзыреті бар оқытушылар енгізіледі.

 

 

Қорытынды бақылау нәтижелерін қайта қарау (апелляция) 

Қорытынды бақылау нәтижелерін қайта қарау (апелляция) туралы өтініш арнайы мобильді қосымша арқылы (мысалы, Smart MNU) Жоғары мектеп Директоры (деканы) атына беріледі.

Апелляциялық комиссия емтихан нысанындағы қорытынды бақылау нәтижелерін қайта қарау (апелляция) туралы өтінішті барлық материалдарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Өзге жағдайларда өтінішті қарау мерзімдерін Жоғары мектеп Директоры (деканы) белгілейді.

 

 

Қорытынды аттестаттау нәтижелерін қайта қарау (апелляция)

Кешенді емтихан нәтижелеріне, сондай-ақ дипломдық жұмысты (жобаны) және (немесе) магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нәтижелеріне қатысты қорытынды аттестаттау нәтижелерін қайта қарауға (апелляцияға) рұқсат етіледі.

Қорытынды аттестаттау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, білім алушы қорытынды аттестаттау нәтижелері жарияланғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Жоғары мектептің Директоры (деканы) атына нәтижелерді қайта қарау туралы өтініш беруге құқылы.

Өтініште білім алушы:

  • – өзінің тегін, атын және әкесінің атын (бар болса);
  • – білім беру бағдарламасын;
  • – қорытынды аттестаттаудың түрін (кешенді емтихан / дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау / магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау);
  • – қорытынды аттестаттаудың өткізілген күнін, аудитория нөмірін;
  • – қорытынды аттестаттауды өткізу тәртібінің бұзылғандығын немесе объективті емес болу ықтималдығын дәлелдейтін нақты мән-жайларды көрсетеді.

Білім алушы өтінішке өзінің уәждерін растайтын материалдарды қоса тіркеуге құқылы.

Жоғары мектеп Директоры (деканы) өтініштің белгіленген талаптарға сәйкестігін ол түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тексереді.

Өтініш белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Жоғары мектеп Директоры (деканы) себептерін көрсете отырып оны қараусыз қалдыруға құқылы.

Егер өтініш белгіленген талаптарға сәйкес келсе, Жоғары мектеп Директоры (деканы) тақ санды (кемінде бес) мүшеден тұратын апелляциялық комиссия құрады және оның төрағасын айқындайды.

Апелляциялық комиссия құрамына өтініштің уәждері мен тексерілетін жұмыстың мазмұнын әділ бағалауға мүмкіндік беретін тиісті немесе тектес саладағы қажетті академиялық және (немесе) кәсіби құзыреті бар оқытушылар кіреді.

Апелляциялық комиссия құрамына білім алушының дипломдық жұмысын (жобасын) және (немесе) магистрлік диссертациясын (жобасын) бастапқы бағалауға қатысқан аттестаттау комиссиясының мүшелері кіре алмайды.

Қарау нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

  • – бастапқы нәтижені өзгеріссіз қалдыру;
  • – қорытынды аттестаттау нәтижесін өзгерту;
  • – өтінішті қараусыз қалдыру (білім алушыдан тиісті өтініш келіп түскен жағдайда);
  • – өтінішті қарауды Жоғары мектептің немесе Университеттің басқа органының (бөлімшесінің) не лауазымды тұлғасының қарауына беру (анықтау өз құзыретіне кіретін бұзушылық белгілері анықталған жағдайда).

Қорытынды аттестаттау нәтижелерін қайта қарау (апелляция) нәтижелері бойынша қабылданған шешімді Жоғары мектеп Директоры (деканы) бекітеді, ол түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

Қорытынды аттестаттауды өткізуге байланысты және оның нәтижелерін қайта қарау (апелляция) шеңберінде алынған барлық материалдар мен мәліметтер жеке құпия болып табылады және Жоғары мектеп Директорының (деканының) келісімінсіз үшінші тұлғаларға жария етуге болмайды.

 

 

Кешенді емтихан нәтижесін қайта қарау 

Апелляциялық комиссия білім алушының кешенді емтихан материалдарын, соның ішінде емтихан жұмысын, бағалау өлшемшарттарын және өтінішті қарау үшін маңызы бар басқа да құжаттарды қарайды.

 

 

Дипломдық жұмысты (жобаны) және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нәтижелерін қайта қарау

Апелляциялық комиссия дипломдық жұмысты (жобаны) және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау шеңберінде жіберілген материалдарды, соның ішінде жұмыстың (диссертацияның, жобаның) өзін, бағалау өлшемшарттарын және өтінішті қарау үшін маңызы бар басқа да құжаттарды қарайды.

Қорғау нәтижелерін қайта қарау аттестаттау комиссия отырысының барысы мен білім алушы таныстырылымының (бар болса) аудио-, бейнежазбасы болған кезде жүзеге асырылады.

Аттестаттау комиссиясы отырысының барысында аудио-, бейнежазба болмаған жағдайда, білім алушының өтінішін қарау барысында туындайтын барлық күмәндар оның пайдасына түсіндіріледі.

Тіркеу кеңсесінің байланыстары

+7 (7172) 70 30 30 (1016/1272/1041) registrar@mnu.kz
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз