Бизнес кеңес
Жоғары гуманитарлық мектеп жұмысының басым бағыты – жұмыс берушілердің сұраныстары мен пікірлеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру. Мұндай жұмыс ЖГМ Бизнес кеңесінің (SLA Business Council) отырыстарында жүргізіледі.
Бизнес кеңес 2019 жылдың соңында жұмыс берушілердің, академиялық және стратегиялық бизнес серіктестердің өкілдерін қамтитын ЖГМ білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылды.
Бизнес кеңес – MNU ЖГМ ұсынатын білім беру бағдарламаларының мазмұнын және қоғамдық пәндерді (қазақ, орыс, ағылшын тілдері мен қазіргі Қазақстан тарихы) анықтау бойынша кеңес беру және сараптама алу мақсатында отандық және шетелдік серіктес компаниялар қатысатын отырыстарды өткізуге арналған тәуелсіз, кеңесші орган. Бұл кеңес бағдарламалардың халықаралық тәжірибеге сай практикалық қызметке қолданылу сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ MNU ЖГМ түлектерін жұмыспен қамту бойынша ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды дамыту мақсатында жұмыс істейді.
Бизнес кеңес 2020
2020 жылы 18 ақпанда жұмыс берушілер мен ЖГМ серіктестерінің өкілдері қатысқан алғашқы бетпе-бет кездесу өтті:
- Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Білім Академиясы — Еркінбаев Ұлан Оралұлы
- Ұлттық тестілеу орталығы — Маншүк Мұхаметқалиқызы
- Қазақ тілін креативті оқыту орталығы — Шаймерденова Күляш Қайыржанқызы
- Қазақстан Кәсіби Аудармашылар және Аударма Компаниялар Ассоциациясының төрағасы, «Гала Глобал Групп» және «Қазақстан Аударма Академиясы», синхронды аудармашы (ағылшын-орыс) — Алиева Кульшан Эйвазгызы
- Қазақстан Кәсіби Аудармашылар және Аударма Компаниялар Ассоциациясы төрағасының орынбасары, «Гала Глобал Групп» және «Қазақстан Аударма Академиясы», синхронды аудармашы (ағылшын-орыс) — Лоенко Анна Васильевна
- Қазақстан Аударма Академиясының синхронды аудармашысы — Заурбеков Марат Сейткалиевич
- Linguagrad тіл Академиясының оқу ісі жөніндегі директоры — Анна Тонких
- StudyInn (Zoom арқылы) — Бекжанова Гүлнар Гинаятовна
Кездесу негізінен практикалық сипатқа ие болды. Қатысушылар осы бағдарламалардың Қазақстанда және одан тыс жерлерде лингвистикалық бағыттарды дамыту үшін сұранысқа ие әрі қолданбалы маңызы бар екендігі туралы ортақ пікірге келді.
Талқылау нәтижелері бойынша тараптар Кеңес отырыстарын жылына кемінде екі рет өткізуге келісті.
Екінші кездесу — 2020 жылдың 28 қарашасы
Екінші дәстүрлі кездесу 2020 жылдың 28 қарашасында өтті, оған ЖГМ жұмыс берушілері мен серіктестерінің өкілдері қатысты. Бизнес кеңес жұмысы аясында үш бағыт бойынша бакалавриат және магистратура бағдарламаларын дамыту мәселелері талқыланды:
- «Аударма ісі»
- «Туризм» және «Қонақжайлылық»
- «Қазақ — ағылшын тілдері және лингвистика»
Бизнес кеңес 2021
Бизнес кеңес 2022
27 сәуірде Sheraton Nur-Sultan Hotel-де М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті Жоғары гуманитарлық мектебінің Бизнес кеңесінің III отырысы өтті.
Университеттің Жоғары гуманитарлық мектебі жұмысының басым бағыты – жұмыс берушілердің сұраныстары мен пікірлеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдіру. Бұл жұмыс Бизнес кеңестің отырыстарында жүргізіледі.
КАЗГЮУ Университетінің провосты Сергей Пен Бизнес кеңестің кездесулері білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Серіктестер мен жұмыс берушілердің практикалық білімді қолдануға баса назар аударған сұраныстары студенттің профилін қалыптастырады, әрі болашақта білікті әрі бәсекеге қабілетті маман болуына септігін тигізеді.
Практика базалары мен Бизнес-кеңес түлектердің кәсіби дағдыларын уақыт пен еңбек нарығының талаптарына сәйкес жетілдіруге мүмкіндік береді.
Бизнес кеңестің III отырысына Медиа саласындағы серіктестеріміздің 40-тан астам өкілдері, ірі БАҚ, халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер, ұлттық компаниялар, Халықаралық мектептер, қауымдастықтар және қоғамдық бірлестіктер қатысты:
- “Хабар “Агенттігі” АҚ
- “ҚР Президентінің Телерадиокешені” КЕАҚ
- “Kazakh TV”, “Қазақстан”, “Astana TV” телеарналары
- “ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі” РММ
- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
- “Атамекен” ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті
- St.Regis Astana Hotel
- Sheraton Nur-Sultan Hotel
- Hilton Astana Hotel
- “KazakhTourism “Ұлттық компаниясы” АҚ
- “Қазақстан Республикасының туроператорлар қауымдастығы” ЗТБ
- QSI International School of Astana
- Quantum STEM School
- Astana Garden School
- BINOM SCHOOL
- “Білім-инновация” Лицей-интернаты
- “Кәсіби психологиялық Лига” ҚБ
- “Қазақстан психологтарының Одағы” ИЫҰ және ЗТ
Бизнес кеңес 2023
2023 жылдың 7-маусымында Жоғары гуманитарлық мектептің IV Business Council тақырыбында пікірталас форматында өтті:
«Гуманитарлық бағыттағы білім беру бағдарламаларының объективі арқылы жасанды интеллект: даму мүмкіндіктері мен болашағы».
Maqsut Narikbayev University провосты C.Г. Пен және MNU Басқарма төрағасының орынбасары А. Б. Карбозова құттықтау сөз сөйлеп, серіктестерге білім беру бағдарламаларын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, кездесу тақырыбының маңыздылығын атап өтті.
Кеңестің ұсынымдарын іске асыру туралы жоғары гуманитарлық мектептің директоры Ибраева А.Б. баяндама жасап, «Қолданбалы лингвистика», «Аударма ісі», «Қазақ-ағылшын тілдері және лингвистика», «Туризм», «Қонақжайлылық», «Психология», «Журналистика: аналитика және тергеу» білім беру бағдарламалары бойынша есеп берді. Ол жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде бағдарламаларға енгізілген жақсартуларды атап өтті.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ордабаев О.Т. «Жасанды интеллекттің еңбек нарығындағы сұраныстың өзгеруіне әсері» тақырыбында презентация жасап, онда ЖИ-нің еңбек нарығына әсері туралы деректер келтірді, сондай-ақ жаңа талаптарға бейімделу қажеттігін атап өтті.
QUANTUM STEM School лингвистика департаментінің басшысы Бостан Хайат студенттердің сыни ойлауын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, «Білім беру саласына жасанды интеллектті интеграциялау» атты презентация ұсынды.
Пікірталас барысында қатысушылар жасанды интеллекттің гуманитарлық мамандықтарға төнетін қауіптері мен мүмкіндіктерін, сондай-ақ университеттердің ЖИ қолданудың этикалық нормаларын қалыптастырудағы рөлін талқылады.
Қатысушылар уақыт талаптарына жауап беретін және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескеретін білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту үшін тұрақты кездесулер мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
В Бизнес совете участвовали более 40 партнеров ВГШ такие как:
- «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы
- Sheraton Nur-Sultan Hotel
- St. Regis Astana Hotel
- «KazakhTourism» ұлттық компаниясы АҚ
- «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы ЖШС
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті
- «Қазақстан Республикасының туроператорлар қауымдастығы» ЗТБ
- Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы (KAGIR, KTA)
- «Кәсіби психологиялық Лига» ЖШҚ
- «Самға» түзету даму орталығы
- Авиациялық қызмет
- ИЫҰ және «Қазақстан психологтарының Одағы» ЗТ
- «Гала Глобал Групп» ЖШС
- Legal Consulting Community Limited
- «Centur Nur» аударма бюросы
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің дарынды жастарға арналған «Білім-инновация» Лицей-интернаты КММ
- «BINOM SCHOOL» ЖШС
- QSI International School of Astana
- Quantum STEM School
- «Astana Garden School»
- «Crystal Study Group» ЖШС
- «Sensys Engineering» ЖШҚ
- «Хабар» Агенттігі АҚ
- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
- «НҰР-Медиа» ЖШС
- «Egemen Qazaqstan» Газеті
- Тергеуші Журналист
- «KazInform» халықаралық ақпараттық агенттігі
- РТРК АҚ «Қазақстан» телеарнасы
- «Kazakh TV» телеарнасы
- «Astana TV» телеарнасы
- «Айқын» газеті
- «Қазақстан» республикалық телеарнасы
- «Құқықтық медиа орталық» қоғамдық қоры
- «KazInform» халықаралық ақпараттық агенттігі
Пікірталасқа белсенді қатысқаны үшін және кері байланыс берген үшін серіктестерімізге алғыс айтамыз!
Бизнес кеңес 2024
2024 жылдың 23 мамырында MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY Жоғары гуманитарлық мектебінде “Білім берудегі бизнес-қоғамдастықтың стратегиялық рөлі туралы” тақырыбында V жыл сайынғы Бизнес кеңес өтті.
Іс-шара өзекті білім беру бағдарламаларын талқылау үшін “Туризм”, “Қонақжайлылық”, “Психология”, “Аударма ісі” және “Қолданбалы лингвистика” бағыттары бойынша жетекші және жаңа серіктес-жұмыс берушілерді біріктірді. ЖГМ деканы Ибраева А. Б. мектептің жетістіктері мен болашаққа жоспарлары туралы есеп ұсынды, ал сарапшы серіктес ретінде GALA Global GROUP-тан Гүлшан Әлиева білім беру бағдарламаларын дамытуға бизнестің қосқан үлесін атап өтті.
Кеңестің екінші бөлімі панельдік сессиялар форматында өтті. Серіктестер оқу бағдарламаларын бірлесіп талдап, салалық түсініктермен бөлісті және жақсартуларды ұсынды. Сессия барысында туризм және қонақжайлылық индустриясының өкілдері клиенттердің қажеттіліктері мен инновациялық тәсілдерін талқылады, Психология сарапшылары бағдарламаларды заманауи қиындықтарға бейімдеуге баса назар аударды, ал Аударма ісі және Қолданбалы лингвистика мамандары жаһандану мен оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Бұл іс-шара академиялық орта мен бизнес арасындағы байланысты нығайтудағы маңызды қадам болды. Іс-шара бағдарламаларды дамытуға және олардың еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін арттыруға, студенттерге практикалық тәжірибе мен мансаптық өсуге мүмкіндік берді.