Университетіміз тағы да өзінің жоғары білім сапасын дәлелдеді: Экономика, Қаржы, Есеп, Менеджмент бағдарламалары «Атамекен» ҰКП 2025 жылғы рейтингінде үздік орындарға ие болды.
- Менеджмент бағдарламасы Қазақстанның 45 университеті арасында 1-орынды иеленіп, өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
- Экономика бағдарламасы да елдегі 53 білім беру бағдарламасы арасында 1-орынды алып, көшбасшылық позициясын нығайтты.
- Қаржы және Есеп бағдарламалары ТОП-2 қатарына кіріп, көшбасшыдан аз ғана айырмашылықпен артта қалып, олардың жоғары сапасы мен еңбек нарығының талаптарына сәйкестігін көрсетті.
Маңыздылығы қандай?
«Атамекен» ҰКП рейтингі – Қазақстандағы білім беру бағдарламаларының сапасын бағалайтын беделді құрал. Ол келесі маңызды көрсеткіштерді есепке алады:
- академиялық және ғылыми жетістіктер,
- студенттердің дайындығының деңгейі,
- түлектердің еңбек нарығындағы сұранысы.
Бағдарламаларымыздың жоғары нәтижелері мыналарды дәлелдейді:
- халықаралық стандарттарға сәйкесттілігін,
- білім беру процесінің өзектілігі мен бейімділігін,
- салалық трендтер мен нарық сұраныстарына бағытталғандығын.
Студенттерімізді, оқытушыларымызды және қызметкерлерімізді осы керемет жетістікпен құттықтаймыз! Сіздердің кәсібиліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз және жетілуге деген ұмтылыстарыңыз бұл табысқа жетуге мүмкіндік берді.
Университетіміз Қазақстанның үздік білім беру мекемелері арасында өз позициясын нығайта отырып, студенттерге жеке және кәсіби дамуға қажетті мүмкіндіктер ұсынуды жалғастыруда.
Бағдарламалардың толық рейтингін «Атамекен» ҰКП сайтынан көре аласыз