MNU Logo
MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY EURONEWS ASTANA ЖӘНЕ МЕДИА ДАМУ ҚОРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ - MNU

MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY EURONEWS ASTANA ЖӘНЕ МЕДИА ДАМУ ҚОРЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Post Image
30.01.2025

MNU Университеті болашақ журналистерге арналған білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуде! EURONEWS ASTANA Ltd және Медиа дамыту қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум медиа білім беру саласындағы және Қазақстандағы Euronews академиясын дамытудағы ынтымақтастықты бекітеді.

Келісім аясында MNU Халықаралық журналистика мектебінің студенттері Euronews білім беру бағдарламалары мен тағылымдамаларына бірегей қол жеткізе алады. Euronews академиясы сандық журналистика, телевизиялық және тікелей эфир, медиа менеджмент және мамандандырылған журналистика курстарын ұсынады.

Euronews бас директоры Питер Ваджаи атап өткендей: «Біз дәрістер мен воркшоптар өткізіп, халықаралық жаттықтырушыларды шақырамыз. Бұл курстар студенттердің оқу бағдарламасына құнды қосымша болады». 

EURONEWS бюросының тағы бір жетекшісі Боян Бркич оқу кеңістіктерінің жабдықталуы мен журналистерді даярлау бағдарламасын жоғары бағалады: «Барлығы соншалықты керемет, тіпті студент болғым келіп тұр. Жақсы жабдықтар мен оқу бағдарламасы таңғалдырды. Мен түлектердің сұранысқа ие мамандар болатынына сенімдімін».

Еске сала кетсек, Euronews академиясы өзінің тренингтерін негізгі университет мәртебесіне ие MNU базасында өткізеді. Бұл студенттерге кәсіби шеберліктерін жетілдіріп, халықаралық медиа қауымдастығына қосылуға жаңа мүмкіндіктер береді.

Maqsut Narikbayev University студенттерге журналистика және медиатехнология саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жетекші білім беру орталығы ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз