MNU Logo
Қарапайым тілмен күрделі мәселе: депутаттар мен MNU сарапшылары заңдарды қазақстандықтарға түсінікті етуге ұсыныс жасады - MNU

24.04.2025

Қарапайым тілмен күрделі мәселе: депутаттар мен MNU сарапшылары заңдарды қазақстандықтарға түсінікті етуге ұсыныс жасады

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің жұмыс тобының көшпелі отырысы өтті. Онда нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері талқыланды. Жиын барысында депутаттар мен университет сарапшылары Қазақстан заңдарын халыққа түсінікті ету қажеттігін алға тартты.

Құқықтық актілердің оқылымдылығын арттыру – тиімді заң шығару процесін дамытудағы маңызды қадам. Заңдардың қолжетімді тілі құқықты қолдануды жеңілдетіп, құқықтық сауаттылықты арттырады және заңдағы қателіктердің алдын алады. Отырыс қатысушылары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын қарастырды.

«Заманауи заңнама тек тұрақты және қисынды ғана емес, сонымен қатар мамандарға да, қарапайым азаматтарға да түсінікті болуы тиіс. Қоғамда, сараптамалық ортада және мемлекеттік органдарда құқықтық актілердің қабылдануы мен оқылымдылығы жиі сынға ұшырап жүр. Шын мәнінде, көптеген актілердің мәтіндерінде артық жүктелген конструкциялар, күрделі тұжырымдар, заңдық терминдердің шамадан тыс саны бар. Бұл – тек заңгерлер үшін ғана емес, қарапайым адамдарға да түсініксіз. Қысқа әрі нақты жазылған мәтін – құқықтық нормаларды түсінуге, оларды дұрыс қолдануға, қазақ және орыс тілдеріндегі ресми мәтіндердің тең түпнұсқалы болуына септігін тигізеді», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

Сондай-ақ, депутат бір сөйлемді 30 сөзбен шектеу ұсынылғанын атап өтті. Бұл тәсіл арқылы заң мәтіндері нақты бір ойды жеткізетіндей құрылуы тиіс. Айта кетейік, MNU-да бұған дейін құқықтық актілердің оқылымдылығын жасанды интеллект көмегімен зерттейтін «Readability of Legal Acts» атты ғылыми-зерттеу жобасы таныстырылған болатын.

«Біздің құқықтық мәтіндердің оқылымдылығын бағалау жобасы – заңгерлерді, әлеуметтанушыларды, ІТ мамандарын біріктірген бастама. Қазіргі заңдар халыққа түсініксіз тілмен жазылғандықтан, азаматтар оларды түсінбей жатады. Бұл өз кезегінде құқықтық сауаттылықтың төмендеуіне әкеледі. Бүгінгі талқылау – адамның құқығы мен мүддесін ортаға қойған жаңа құқықтық мәдениетті қалыптастыру жолындағы маңызды қадам», – деді MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.

Сондай-ақ, MNU сарапшылары терминдерді жүйелі қолданудың маңыздылығын атап өтті. Бұған дейін университет «Қазақ-орыс заң сөздігі: заңнамадағы қателер және түсіндірмелер» атты кітапты ұсынған болатын. Парламенттік тыңдауларда Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов MNU әзірлеген әдістемені тиімді пайдалануға шақырды. Жиынға қатысушылар нормативтік құқықтық актілердің аудармасын сапалы жасау қажеттігін де айтты.

«Қазіргі заңнамалық актілерде терминология мен оның түсіндірілуіне қатысты тілдік талаптар бар. Алайда тәжірибеде бұл талаптар сақтала бермейді. Бұл бастама – бүкіл заңнаманы қайта қарастыру емес, жаңа қабылданатын актілерге қатысты ұсыныс. Ол арқылы болашақта заң тілі мен сапасын арттыруға болады», – деді ҚР Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова.

Айта кетейік, отырыс барысында сарапшылардың айтқан ұсыныстары заң шығару жұмысында ескерілетін болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз