Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқыту тілі: ағылшын тілі
Артықшылықтары:
Оқу үдерісіне ғылыми дәрежесі бар оқытушылар, жетекші шетелдік университеттердің түлектері, оның ішінде беделді “Болашақ” стипендиясының иегерлері тартылды. Олардың академиялық салада да, ұлттық және халықаралық деңгейде индустриялық тәжірибеде де айтарлықтай тәжірибесі бар.
Бағдарлама заманауи жаһандық сын-қатерлерді, геосаясатты, киберқауіпсіздікті, сыртқы саясатты, халықаралық құқықты, саяси теорияны және саяси жүйелерді салыстырмалы талдауды қоса алғанда, өзекті тақырыптардың кең ауқымын қамтиды.
Оқу үрдісі студенттердің сапалы және сандық зерттеу әдістері саласындағы құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған. Нәтижесінде түлектер отандық және халықаралық рецензияланатын басылымдарда жариялана алады, сондай-ақ жария пікірталастар мен медиа жобаларға қатыса алады.
Бағдарлама студенттерді ғылыми жобаларға белсенді тартуды, конференцияларға, жарияланымдарға қатысуды және жетекші мекемелерде тағылымдамадан өтуді қамтиды. Түлектер мемлекеттік құрылымдарда, халықаралық ұйымдарда, ҮЕҰ-да, талдау орталықтарында, БАҚ-та және ғылыми институттарда мансап құруда.
Бағдарлама аясында шақырылған сарапшылармен, түлектермен және индустрия өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, кәсіби байланыстар мен мансаптық даму үшін платформа құрылады.
Оқыту нәтижелері:
Код | Курстың атауы | ECTS | Міндетті / элективті |
Міндетті (31 ECTS) | |||
RCM5201 | Foreign Language (Professional) | 4 | М |
RCM5203 | Management Psychology | 4 | М |
RCM5202 | History and Philosophy of Science | 4 | М |
RCM5204 | Higher School Pedagogy | 4 | М |
PIR5314 | Qualitative Research Methods | 5 | М |
PIR5315 | Quantitative Research Methods in PS and IR | 5 | М |
PIR5316 | International Law: Theory and Practice | 5 | М |
Элективті (50 ECTS кем емес) | |||
PIR5211 | Critical Geopolitics | 5 | Э |
PIR5212 | Core Seminar in IR | 5 | Э |
PIR5213 | Foreign Policy of Great Powers | 5 | Э |
PIR5214 | Comparative Regionalism | 5 | Э |
PIR5215 | Political Ideologies | 5 | Э |
PIR5216 | Political Research Design | 5 | Э |
PIR5317 | Cyber Geopolitics | 5 | Э |
PIR5327 | Political Philosophy | 5 | Э |
PIR5328 | International Political Economy | 5 | Э |
PIR5329 | Contemporary Issues in International Security | 5 | Э |
PIR53210 | Foreign Policy of China | 5 | Э |
PIR53211 | International Organizations in a Changing World Order | 5 | Э |
PIR53212 | Geo-economics | 5 | Э |
PIR53213 | Contemporary International Relations System | 5 | Э |
PIR53214 | International Climate Change and Environmental Policy | 5 | Э |
Педагогикалық практика | 4 | М | |
Зерттеу тәжірибесі | 3 | М | |
Ғылыми-зерттеу жобасы | 24 | М | |
Диссертацияны қорғау | 8 | М |