Сіз Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектеб...
Maqsut Narikbayev University-ге «Астана» халықаралық қаржы ор...
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында MIND Talks алаңында «Генд...
Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің...
Синергия – біз жас дарындарды тартамыз, оларды үйретеміз, және олардан үйренеміз.
Көшбасшылық – өз үлгімізде көшбасшылықты қалыптастырамыз.
Мүмкіндіктерді қалыптастыру – қоғамдық әртүрлілік және инклюзивтілікті қолдау арқылы студенттердің әлеуетін ашамыз.
Жауапкершілік – біз стейкхолдерлердің болжамын басшылыққа алып, өз шешімдеріміз бен іс-әрекеттеріміз үшін жауаптымыз.
Проактивтілік – біз бүгінгі және болашақ сын-қатерлерге төтеп береміз.
2026 жылға қарай біз Орталық Азиядағы жергілікті және жаһанды нарықта сұранысқа ие әлемдік деңгейдегі білім және зерттеу ұсынушы жетекшілердің бірі боламыз.
Халықаралық экономика мектебі 2005 жылы КАЗГЮУ Университеті Директорлар кеңесінің шешімімен құрылды. ХЭМ келесі құрылымнан тұрады:
Іскерлік кеңес – ХЭМ даму стратегиясын анықтайтын ұйымның құрылымындағы ресми орган. Іскерлік кеңестің мүшелері мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор мен жеке компаниялардың топ-менеджерлері болып табылады. Жыл сайынғы ХЭМ Іскерлік кеңесінің жиналыстарында ХЭМ шешім қабылдаушы тараптар салалық күн тәртібімен танысады, еңбек нарығының талаптарына сәйкес білім беру мазмұнын қалыптастыруға көмектеседі.
ХЭМ комитеті – мектеп деңгейіндегі өзін-өзі басқару органдары. Комитеттер құрамына профессорлық-оқытушылық құрам (дауыс беретін мүшелер) және ХЭМ барлық әкімшілік құрамы кіреді (дауыс бермейді).
Академиялық сапа бойынша комитет магистратура және бакалавриат бағдарламаларының академиялық сапасын үнемі қадағалап отырады, академиялық бағдарламаларды, оқу жоспарлары мен пән силлабустарын, емтихан тапсырмаларын және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын қарастырады және бекітеді. Комитет құрамына оқытушылар мен әкімшілік құрамнан басқа академиялық бағдарламалардың координаторлары мен студенттері кіреді. ХЭМ қызметкерлерін бағалау және дамыту комитеті мұғалімдердің жұмысын жылына екі рет бағалайды және қажет болған жағдайда жаңа мұғалімдерді қабылдауға қатысады. Сонымен қатар, Комитет үнемі саясатты және академиялық құрамды бағалау мен дамытуға қатысты мәселелерді талқылайды. ХЭМ және Этика комитеті тәртіптік және этикалық мәселелерді, атап айтқанда ХЭМ студенттері мен оқытушыларының шағымдары, студенттердің, қызметкерлер мен оқытушылардың академиялық адалдық кодексін бұзуын, зерттеулерге байланысты этикалық мәселелерді және т.б. мәселелерді қарастырады.
ХЭМ басқармасы декан, вице-декан, эдвайзерлер кеңсесі, мансап, практика және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, жоғары оқу орнынан кейінгі және қашықтықтан білім алу бойынша тьютор-менеджерден тұрады.
2022 жылдан бастап ХЭМ 7 бакалавриат, 2 магистратура және 1 PhD докторантура бағдарламаларын ұсынады (қосымша ақпарат алу үшін “Талапкерге” бөлімін қараңыз).
MNU университеті аналитикалық ойлауды, өнертапқыштықты, мәселелерді практикалық шешуді және қоғамға қызмет етуді ынталандыратын жаңа идеяларды бағалайды.
Маркетинг саласындағы іскери әкімшілендіру (BBA) студенттерді маркетинг мамандары ретінде қажетті аналитикалық және практ...
ТолығырақМенеджмент саласындағы іскерлік әкімшілендіру (BBA) бакалавриат бағдарламасы студенттерге менеджменттің теориялық және пр...
ТолығырақАқпараттық технологиялар саласындағы іскери әкімшілендіру (BBA) бағдарламасы ақпараттық технологиялар, бағдарламалау, дер...
ТолығырақХалықаралық қатынастар бакалавры студенттерді үкіметте, халықаралық ұйымдарда, жаһандық ҮЕҰ-да, корпоративтік бизнесте жә...
ТолығырақҚаржы саласындағы Іскерлік әкімшілендіру (BBA) бағдарламасы студенттерді инвестициялық банкинг, қаржылық жоспарлау, корпо...
ТолығырақЭкономика және деректер ғылымы саласындағы іскерлік әкімшілендіру бакалавры (BBA) бағдарламасы қазіргі заманғы бизнес тур...
ТолығырақБухгалтерлік есеп саласындағы іскерлік әкімшілендіру (BBA) бағдарламасы бухгалтерлік есеп және қаржы саласында теориялық ...
ТолығырақЭкономика бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура бағдарламасы жергілікті жағдайға бейімделе отырып, халықаралық білім ...
ТолығырақМагистрлік бағдарлама CFA (CBOK) бойынша білім беру бағдарламасының кем дегенде 70 пайызын қамтиды және CFA институтының ...
ТолығырақЭкономика саласындағы PhD бағдарламасы академиялық және ғылыми мансап құру үшін экономика саласындағы эмпирикалық зерттеу...
ТолығырақЖыл сайын, қыркүйек және қазан айларында (көктемгі семестрге өтініш беру үшін), сондай-ақ наурыз және сәуір айларында (күзгі семестрге өтініш беру үшін) университеттің халықаралық бөлімі студенттерді екіжақты келісімдер мен меморандумдар шеңберінде біздің серіктес университеттерге 1-2 семестрге оқуға жібереді.
ХЭМ Академиялық сапа комитеті бакалавриат және магистратура бағдарламаларының академиялық сапасына жауапты. Комитеттің функцияларына академиялық бағдарламаларды, оқу жоспарларын, пән силлабустарын, емтихан тапсырмаларын бекіту және басқа да міндеттер кіреді. Оның дауыс беретін мүшелері қатарында оқытушылар, бағдарламалар жетекшілері және ХЭМ студент өкілдері бар, мектеп әкімшілігі дауыс беру құқығына ие емес.
ХЭМ қызмет нәтижелерін бағалау және қызметтік жоғарылату комитеті оқытушылар құрамын бағалауды (жылына екі рет) және қабылдау үрдісін (қажет болған жағдайда) жүргізеді. Сонымен қатар, ол тұрақты түрде академиялық құрамды бағалау және жоғарылату мәселелері мен саясаттарын талқылауға қатысады.
ХЭМ Этика комитеті тәртіптік және этикалық мәселелерді, атап айтқанда, ХЭМ студенттері мен оқытушыларының шағымдарын, студенттердің, қызметкерлер мен оқытушылардың мінез-құлық кодексін бұзушылықтарын, зерттеулерге байланысты этикалық мәселелерді және т.б. сұрақтарды қарастырады. Комитет шешуші дауыс құқығы бар профессорлық-оқытушылық құрамының мүшелерінен және дауыс беру құқығы жоқ әкімшілік қызметкерлерден тұрады.
Гузель Тулегенова, Бизнес және менеджмент бойынша білім беру бағдарламаларының басшысы
Станислав Югай, Қаржы, экономика және бухгалтерлік есеп бойынша білім беру бағдарламаларының басшысы
Куралай Казихан, Эдвайзер
Жанара Алдамбергенова, CFA және ICAEW бағыттарының жетекшісі
ХЭМ Ғылыми–зерттеу комитеті зерттеу этикасы саясатының сақталуын қадағалайды. Бұл саясат ISE қызметкерлері мен студенттері үшін ғылыми зерттеулердің этикалық қағидалары мен нормаларын, зерттеу жобаларын этикалық сараптаудан өткізу тәртібін, зерттеу этикасын бұзушылықтардың тізімін, олар үшін қолданылатын санкция түрлерін және оларды орындау рәсімдерін айқындайды.