Maqsut Narikbayev University (MNU) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді кеңейтеді. Жаңа академиялық жылдан бастап Халықаралық экономика мектебінде саясаттану және халықаралық қатынастар магистрлік бағдарламасы іске қосылады.
Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы магистратура талдамалық және сыни ойлауды, сондай-ақ жергілікті және халықаралық еңбек нарығында талап етілетін зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған екі жылдық бағдарлама болып табылады. Оқу ағылшын тілінде жүргізіледі. Профессорлық-оқытушылық құрам ғылыми дәреже иегерлерінен, жетекші шетелдік ЖОО түлектерінен, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінен, оның ішінде академиялық салада, индустриялық практикада ұлттық және халықаралық деңгейлерде айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар мамандардан тұрады.
Жаңа білім беру бағдарламасына сыни геосаясат, ұлы державалардың сыртқы саясаты, киберқеңістік геосаясаты және геоэкономика курстары кіреді. Сондай-ақ курстар зерттеудің сапалық және сандық әдістері, диссертация жазу және зерттеу практикасы сияқты зерттеу құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бұдан басқа, оқыту бағдарламасында оқытушылық практика мен және жоғары мектептің педагогика курсы қамтылған.
Оқуға түсуге осы сілтеме арқылы өтінім беруге болады. Естеріңізге сала кетейік, MNU-да 10 магистрлік бағдарлама бар («Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Зияткерлік меншік және бизнес құқығы», «Бәсекелестік құқық», «IT құқығы», «Экономика», «Қаржы», «Аударма ісі», «Қолданбалы лингвистика», «Консультативті психология»).