Ғабит Бекахметов Maqsut Narikbayev University қамқоршылар кеңесінің құрамына кірді. Ол білім беру саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар басқарушы.
Ғабит Бекахметов инновациялық мектептер желісін, басшыларды даярлау бағдарламаларын және білім беру технологияларын дамытатын Paradigm Shift және Maruf Education Trust жобаларының негізін қалаған. Сондай-ақ Республикалық физика-математика мектебінің басқарма төрағасы ретінде еліміздің STEM-экожүйесін жаңғыртуға маңызды үлес қосты. Ол Оксфорд пен Дьюк университеттерінің түлегі және бірнеше кітаптың авторы.
Айта кетейік, қамқоршылар кеңесі MNU басқару жүйесіндегі алқалық кеңесші орган болып табылады.
