MNU Logo
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдер қабылдау - MNU

08.09.2025

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдер қабылдау

Құрметті студенттер!

2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

Қатысуға мүмкіндігі бар үміткерлер:
– 60 ECTS кредитінен кем емес көлемді меңгерген бакалавриат студенттері;
– Магистратура және докторантура студенттері.

Критерийлер:
– GPA: кемінде 2.5 (Erasmus+ үшін — кемінде 3.0);
– Ағылшын тілі деңгейі: кемінде B2.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 6 қазан.

Өтінімдер мен қажетті құжаттарды Smart MNU веб-нұсқасы арқылы және сонымен қатар №220 кабинетке электронды түрде (USB флешкада) тапсыру қажет.

Қажетті құжаттар:

  • Белгіленген нысандағы студенттің өтінімі (жүктеу)
  • Паспорттың скан-көшірмесі
  • Ағымдағы оқу жылы бойынша транскрипт (қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде)
  • Ағылшын  тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL, Cambridge English, Duolingo)
  • Толтырылған сауалнама (жүктеу)
  • Академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқу үшін ата-аналардың/қорғаншылардың/заңды өкілдердің жазбаша келісімі (жүктеу)
  • Ұсыным хаттар (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде, болған жағдайда)
  • Ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысудан алынған марапаттар, сертификаттар, дипломдар көшірмелері (болған жағдайда)
  • Арнайы санаттарға жататындығын растайтын құжаттар (болған жағдайда):
  • Көп балалы екенін растайтын отбасы құрамы туралы құжат;
  • Ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін);
  • Мүгедектікті растайтын құжат;


Серіктес университеттер мен пәндер тізімімен алдын ала танысып, таңдаған пәндеріңізді оқу бағдарламаңызға сәйкес эдвайзеріңізбен келісулеріңізді сұраймыз.

Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық бөліміне mobility@kazguu.kz электронды поштасы арқылы, Instagram @mnu_international арқылы немесе №220 кабинетке тікелей жүгіне аласыз.

Серіктес университеттердің тізімі жаңа ақпарат түскен сайын жаңартылып отырады!

Erasmus+ бағдарламасы бойынша серіктес университеттер:

УниверситетБілім беру бағдарламасы/мамандығыОрын саны
Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университеті, ГерманияХалықаралық құқық (Неміс тілі – B2)1
Льеж университеті (University of Liège), БельгияХалықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Саясаттану)2
​​​​​​​​​​​​​Ангел Кынчев атындағы Русе университеті, БолгарияБизнес, Менеджмент, Бизнес-әкімшілік2

Өзін-өзі қаржыландыру бағдарламасы бойынша серіктес университеттер:

УниверситетБілім беру бағдарламасы/мамандығыОрын саны
Вусонг университеті, Тэджон, Корея РеспубликасыБизнес-әкімшілік2
Копенгаген университеті, ДанияАударма ісі, Қолданбалы лингвистика2
Льеж университеті, БельгияХалықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Саясаттану)2
Острава университеті, ЧехияАударма ісі, Қолданбалы лингвистика, Экономика, Қаржы, Менеджмент10
Мендель университеті, Брно, ЧехияБизнес-әкімшілік2
Дунайварош университеті, ВенгрияБизнес-әкімшілік, Журналистика2
Sciences Po Toulouse, ФранцияХалықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Саясаттану)2
Париж Нантер университеті, ФранцияХалықаралық қатынастар, Халықаралық құқық5
Рейн-Вааль қолданбалы ғылымдар университеті, ГерманияБизнес-әкімшілік, Халықаралық қатынастар3
Хоф университеті, ГерманияБизнес-әкімшілік2
Нордхаузен қолданбалы ғылымдар университеті, ГерманияБизнес-әкімшілік3
Вильнюс университеті, ЛитваХалықаралық құқық, Құқық, Юриспруденция5
Витаутас Магнус университеті, Каунас, ЛитваҚолданбалы лингвистика, Аударма ісі, Журналистика2
WSB университеті, Домброва-Гурнича, ПольшаМенеджмент, Бизнес саласындағы IT, Халықаралық қатынастар2
Кавказ халықаралық университеті, Тбилиси, ГрузияБизнес-әкімшілік2
Қоғамдық істердің грузин институты, Тбилиси, ГрузияХалықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Саясаттану), Журналистика, Маркетинг, Экономика, Психология4
Батум Шота Руставели мемлекеттік университеті, ГрузияХалықаралық құқық, Құқық, Юриспруденция, Туризм, Бизнес-әкімшілік, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика4
Иване Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университеті, ГрузияПсихология, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика3
Пертамина университеті, Джакарта, ИндонезияХалықаралық қатынастар, Менеджмент, Экономика5
Жоғары экономика мектебі, Мәскеу, РесейПсихология, Халықаралық құқық, Құқық, Юриспруденция4
Ташкент мемлекеттік заң университеті, ӨзбекстанХалықаралық құқық, Құқық, Юриспруденция15

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз