Астанаға сапары барысында Франция Президенті еліміздің беделді жоғары оқу орындарының бірі — Maqsut Narikbayev University студенттерімен және оқытушыларымен кездесті. Э.Макрон студенттермен Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын сұрақ-жауап форматында талқылады.
Президент Макронның айтуынша, Қазақстан мен Франция стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға бағытталған. Ол Транскаспий көлік жолының құрлықтардың өзара байланысын ілгерілетудегі маңыздылығын атап өтті. Француз көшбасшысы әлемдегі жаһандық өзгерістер жағдайында Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері Қазақстандық өндірушілер үшін үлкен перспективалар ашады деп санайды.
