Бүгін Maqsut Narikbayev University қабырғасында «Jibek Joly» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі және «Өзгер» жобасының авторы Айгүл Мүкей «Әлеуметтік желілер – табыстың көрсеткіші. Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері» тақырыбында дәріс өткізді.
Кездесу барысында спикер әлеуметтік желілердің маңыздылығына, қазіргі цифрлық замандағы олардың тиімді қолданылу тәсілдеріне тоқталды. Сондай-ақ, Айгүл Мүкей цифрлық кеңістікте өз орныңды табудың және жеке бренд қалыптастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол аудиторияның назарын аударып, әлеуметтік желілерде табысқа жету жолдарын нақты мысалдармен түсіндірді. Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан құнды кеңестер мен толыққанды жауаптар алды. Қарау