Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебінде өтіп жатқан @aljazeera апталығының аясында бүгін белгілі журналист және Al Jazeera арнасының өкілі Аднен Шауачи студенттер мен кәсіби журналистерге арналған ашық дәріс өткізді.
Дәріс тақырыбы — «Табиғи апаттарды мобильді телефонмен түсіру тәсілдері» — қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Спикер өз тәжірибесімен бөлісіп, төтенше жағдайларда ақпарат жинаудың этикалық және техникалық қырларын түсіндірді.
Кездесу барысында қатысушылар мобильді журналистиканың (MoJo) рөлін, заманауи репортаждың ерекшеліктерін және жедел түсірілімнің кәсіби стандарттарын талқылады.
Бұл дәріс Al Jazeera Week @mnu_isj апталығының маңызды бөлігіне айналып, студенттерге халықаралық деңгейдегі тәжірибемен танысуға мүмкіндік берді. Қарау