2024 жылғы 22–26 сәуір аралығында Maqsut Narikbayev University әкімшілік және неміс құқығының ғылыми мектебі Регенсбург университетімен (Universität Regensburg) және Шығыс құқығы институтымен (Institut für Ostrecht) бірлесіп, DAAD қолдауымен «Германия, Қазақстан және Украинадағы әкімшілік әділет арқылы конституциялық құқықтарды қорғау» тақырыбында ғылыми-білім беру семинарын өткізді.
Семинар Қазақстан, Германия, Украина және Өзбекстан елдерінің қатысушыларын біріктірді. Іс-шара барысында қоғамдық құқық саласындағы ғалымдар мен сарапшылар баяндама жасап, қатысушылардың ғылыми жұмыстарын тыңдау, сондай-ақ топтық зерттеулер жүргізіліп, олардың нәтижелерін қорғау өтті.
Бағдарлама аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциялық және Жоғарғы соттарына барып, олардың қызметімен танысты. Семинар қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар іріктеген екі қатысушы Германияда үш айлық зерттеу тағылымдамасынан өтуге бірегей мүмкіндік алды.