Maqsut Narikbayev University-де ҚР Премьер-министрінің баспасөз хатшысы Диляра Аленова дәріс оқыды. Ол Халықаралық журналистика мектебінің студенттеріне тиімді мемлекеттік коммуникациялардың рөлі мен маңыздылығы туралы айтты.
Мемлекеттік коммуникация саласындағы 10 жылдан астам тәжірибесі бар маман дағдарысқа қарсы әрекет ету, сайлау науқанын өткізу және БАҚ-пен жұмыс бойынша сәтті кейстерімен бөлісті. Спикер сенім институтының және ақпаратты тарату барысында қателіктерге жол бермеудің маңыздылығын атап өтті. Бұдан басқа, ол мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың баспасөз қызметі мамандарына қажеттілігінің артқанын атап өтті.
Диляра Аленова студенттердің саясаткерлердің журналистермен өзара іс-қимылы, медиа саласындағы перспективалар және мемлекеттік аппарат қызметіне қатысты сұрақтарына жауап берді. Ол ішкі мотивацияның жоғары деңгейі мен кез келген жағдайда жұмыс істеуге дайын болу қажеттігі туралы айтты. Сондай-ақ спикер оның MNU-да білім алуы табысты мансап құруға қалай әсер еткені туралы тоқталды.
Айта кетейік, дәріс барысында студенттер ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінде оқу практикасынан өту мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.




