Maqsut Narikbayev University-де Қазақстан Президентінің көмекшісі Қуанышбек Есекеев болды. Ол университет қызметімен танысып, басшылықпен кездесу өткізді.
Диалог тақырыбы университеттің жасанды интеллект саласындағы бағыты болды. Қуанышбек Есекеев жобалармен танысып, ынтымақтастықтың одан әрі кеңеюіне сенім білдірді. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялаған болатын.
Сапар барысында MNU әзірлеушілер командасы құқықтық процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған ЖИ моделін жүзеге асыру барысын таныстырды. Жоба реттеушілік болжау тетіктерін дамытуға бағытталған және ел үшін практикалық мәнге ие. Сондай-ақ биылғы көктемде «Болашақ құқығы» тақырыбында өтетін Legathon MaxUP 2026 заң саласындағы екінші халықаралық кейс-чемпионаты және ЖИ саласында жаңа академиялық бағдарламаны іске қосу жоспарлары туралы айтылды.
Бұған дейін MNU-да Қазақстан Президентінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі Алексей Цой болған болатын.




