Maqsut Narikbayev University ҚР Қаржылық мониторинг агенттігімен білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда. Университет студенттеріне қаржылық барлау және қаржылық қауіпсіздік бойынша қосымша мамандандыру қолжетімді.
Жаңа қосымша мамандандыру (minor) ҚМА мен MNU Халықаралық экономика мектебі арасындағы меморандум аясында іске қосылды. Бағдарлама бухгалтерлік есеп, қаржы, деректерді басқару, сондай-ақ комплаенс пен қаржылық барлауды түсіну бойынша базалық білімді біріктіреді. Студенттер ақшаны жылыстату, салық төлеуден жалтару мен қылмыстық әрекетті қаржыландыру сияқты қаржылық қылмыстарды анықтау және болдырмау ерекшеліктері бойынша білім алады.
«Қаржылық барлау және қаржылық қауіпсіздік» қосымша мамандандыруын игеру тағылымдамадан өтуді қамтиды және жұмысқа орналасу үшін жақсы мүмкіндіктер ашады. MNU Қаржылық мониторинг агенттігі үшін кадрлар даярлайтын базалық жоғары оқу орны. Бұған дейін университетте ҚМА-мен бірлесіп экономикалық қылмыстарды тергеу жөніндегі minor іске қосылған болатын.
Айта кетейік, қосымша мамандандыру (minor) студенттерге жаңа дағдыларды игеруге және олардың негізгі мамандығымен байланысты емес салаларда қосымша білім алуға мүмкіндік береді. Бұл олардың академиялық және кәсіби тәжірибесін кеңейтеді. Бүгінгі таңда MNU-да шамамен 40 minor қолжетімді.