БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Бағдарлама ұлттық және жаһандық деңгейде туристік индустриядағы басқару және бизнес-үдерістер саласындағы негізгі дағдылар мен білімдерді ұсынуға бағытталған. Бағдарлама студенттері туристік жобаларды бағалауда, мәдени және іскерлік іс-шараларды ұйымдастыруда және басқаруда, сондай-ақ туризмге қатысты жобаларда операциялық және стратегиялық жоспарларды әзірлеуде іс жүзінде тәжірибе алады.
Білім беру бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптары, сондай-ақ, кәсіби стандарттардың, қазіргі заманауи нарық пен жұмыс берушілердің талаптары негізінде құрастырылған.
Бағдарлама оқытудың екі түрінде ұсынылған: толық (4 жыл) және қысқартылған (3 жыл). 4 жыл ішінде оқуды аяқтау үшін студент 248 академиялық кредитті игеруі қажет. Оқытудың бұл нысаны орта білім беру базасында оқуға түскендер үшін көзделген. Орта кәсіптік білім беру базасы негізінде түсушілердің колледжде оқыған пәндерін қайта есептеу есебінен 3 жыл ішінде оқуын аяқтауға мүмкіндігі бар.
Бағдарламаның барлық студенттері өздерінің жеке оқу жоспарын құруға мүмкіндік алады. Курстың егжей-тегжейлі бағдарламасы Жоғары Гуманитарлық Мектебінің каталогында қолжетімді.
Бағдарламаның артықшылықтары:
1) Туризм, қонақжайлылық индустриясының өкілдерімен, атап айтқанда туризм және қонақжайлылық саласында маманданған ірі бизнес компанияларымен, жеке және ұлттық компаниялармен тығыз және әріптестік ынтымақтастықта болу. Ынтымақтастық студенттерге ең жақсы жергілікті және халықаралық компанияларда тәжірибенің ауқымды базасын ұсынуға мүмкіндік береді.
2) Бұл білім алушылардың жұмысқа орналасу аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жоғары Гуманитарлық Мектебі келесі қосымша мамандануды ұсынады (minor/майнорлар):
2.1 Ішкі туризм;
2.2 Экскурсия жүргізу;
2.3 Туризм және қонақжайлылық маркетингі.
2.4 Қонақ үй және мейрамхана бизнесі.
3) Swiss Hotel Management School, Hotel Institute Montreux (QS World University ranking рейтингіне сәйкес қонақжайлылық бағыты бойынша әлемдегі топ-10 жоғары оқу орнына кіреді), La Rochelle Tourism and Hospitality School, Excelia Group сияқты ЖОО-лармен қос диплом бағдарламасы.
4) Студенттер оқу аясында бизнес-жобаларды іске асырады. Жұмыс істеп тұрған жобалардың бірі жастар арасында ішкі туризмді дамытуға бағытталған студенттік туристік компания болып табылады.
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
ББ мақсаты: туристік бизнесті дамыту, мемлекеттік және жеке деңгейлерде туристік өнімдерді басқару туралы көпсалалы көзқарасы бар туризм саласында жоғары білікті мамандарды даярлау. Жергілікті және халықаралық нарықтарда туризм саласында көпжақты ынтымақтастыққа және шағын және орта бизнесті дамытуға дайын, тез өзгеретін әлемге бейімделетін мамандарды даярлау.
Бағдарлама сипаттамасы:
Туризм саласындағы бакалавриат бағдарламасы менеджмент пен операциялық қызметке назар аудара отырып, туристік бизнесті жүргізу стандарттарының барлық қыр-сырынан хабардар, туризм саласындағы көп тілді мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған. Сонымен қатар, бағдарлама көпмәдениетті ортада жұмыс істеуге дайын туризм индустриясының көшбасшыларын оқытуға бағытталған.
Бағдарлама барысында ұсынылатын курстардың қолжетімді ауқымын ескере отырып, студент бүкіл оқу кезеңі ішінде 2 майнорға дейін өте алады. Одан өзге, түлектер бағдарлама аясында қосымша бір шет тілін (қытай/испан/итальян/неміс/француз) меңгере алады. Бұл болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Білім беру бағдарламасы ҚР МЖМБС талаптары, сондай-ақ, кәсіби стандарттардың, қазіргі заманауи нарық пен жұмыс берушілердің талаптары негізінде құрастырылған.
Оқыту нәтижелері
Осы бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектер:
– жергілікті және аймақтық туризмді басқару ұйымдарының негізгі күшті және әлсіз жақтарын анықтау;
– туристік индустриядағы басқару және маркетингтік міндеттерді шешу үшін кейстерді талдау және бағалау;
– тұрақты даму үдерістерін ескере отырып, туристік мәселелерді шешу.
– іскерлік коммуникацияда кем дегенде екі немесе одан да көп шет тілін қолдану;
– мәдени, іскерлік және мегашаралар сияқты кез келген ауқымдағы және тақырыптағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
– туризм және саяхат саласындағы бизнес-жоспарлар, операциялық және стратегиялық жоспарларды әзірлеу үшін ең жақсы маркетингтік тәжірибелерді пайдалану;
– эмпирикалық зерттеу жүргізу;
– туризм және қызмет көрсету саласындағы заңдар мен нормативтік актілерді пайдалану;
– туристік дестинациялар мен туристік аймақтарды жоспарлау және дамыту стратегияларын әзірлеу;
– топтық жұмыс пен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларына ие болу, жергілікті және мультимәдени ортада тарих, тілдер туралы білімдерді пайдалану;
– операциялық және стратегиялық жоспарларды әзірлеу кезінде туризм индустриясындағы үздік тәжірибелерді пайдалану;
– туризм саласындағы жобаларды іске қосу және жүргізуді үйренеді (мемлекеттік саясат және жеке бизнес тұрғысынан).