Maqsut Narikbayev University Teaching Professor-ы Әлия Оразбаева «Ерен еңбегі үшін» медалін иеленді. Мемлекеттік награданы оған Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек табыстады.
Марапаттау рәсімі елорда әкімдігінде өтті. Медаль MNU профессорына елдің қоғамдық-саяси дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді азаматтық ұстанымы және өзекті мемлекеттік процестерге қатысу кезіндегі жауапкершіліктің жоғары деңгейі үшін берілді. Сонымен қатар оның «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы құрамындағы қызметі және жаңа Конституция жобасы мен республикалық референдум өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарына қатысуы жеке атап өтілді.
Профессор Әлия Оразбаева заң ғылымдарының кандидаты, сондай-ақ MNU Конституциялық және саяси зерттеулер институтын басқарады. Айта кетейік, бұған дейін университеттің бірқатар профессорлары да жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды.