Maqsut Narikbayev University-де inDrive компаниясының Қазақстандағы бизнесі бойынша жетекшісі Арай Бекембаев сөз сөйледі. Ол студенттерге қонақ дәріс оқыды.
Арай Бекембаев табысқа жету жолы туралы айтып, ірі халықаралық компанияда мансап құру жөнінде құнды кеңестер берді. Ол сондай-ақ білім, ғылым және өнер саласындағы inDrive жобаларына тоқталып, технологиялар мен жасанды интеллект жүйелік кедергілерді жойып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыратынын хабарлады. Спикер студенттерге жұмыс пен жеке бизнес арасында саналы түрде таңдау жасау үшін оқу кезінде өз миссиясын белгілеуге кеңес берді.
Арай Бекембаевтың ІТ, бизнесті трансформациялау және процестерді автоматтандыру саласында ірі ауқымды жобаларды жүргізу тәжірибесі бар. Ол Дубайдағы Америка университеті және Nazarbayev University түлегі. Сонымен қатар 2020 жылы inDrive компаниясының алғашқы қазақстандық қызметкері атанып, екі жыл бұрын бизнес бойынша жетекшісі болып тағайындалды.
Айта кетейік, InDrive әлемге танымал көлік және қала қызметтерінің жаһандық платформасы. Компанияның Қазақстанда мыңнан астам адам жұмыс істейтін ірі өңірлік хабы бар.


