MNU Logo
MNU студенті Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиаданың жүлдегері атанды - MNU

30.04.2026

MNU студенті Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық олимпиаданың жүлдегері атанды

Maqsut Narikbayev University студенті Тоғжан Ілиясова Қаржылық қауіпсіздік бойынша жыл сайынғы ұлттық олимпиаданың жүлдегері атанды. Ол зияткерлік сайыстың жеңімпаздары қатарына енді.

Олимпиаданы «Заң мен Тәртіп» нарративі аясында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі MNU, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалық кеңсесі және Halyk Bank қолдауымен өткізді. Жарыстың мақсаты студенттердің қаржылық қауіпсіздік, көлеңкелі экономика мен қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саласындағы тәжірибелік білімін арттыру, сондай-ақ олардың аналитикалық ойлау қабілеті мен кәсіби жауапкершілігін дамыту. Олимпиадаға алты мыңға жуық отандық жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары қатысты.

MNU-да өткен сайыстың ақтық кезеңіне 40 адам жолдама алды. Нәтижесінде Ресейде өтетін Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадада елімізді таныстыратын 10 жеңімпаз анықталды. Олардың қатарында MNU Құқық жоғары мектебінің студенті Тоғжан Ілиясова да бар.

«Мен Zhubanov University студенті Айшолпан Аманқосовамен бірге «Құқықтану» бағыты бойынша жеңіске жеттім. Менің күш-жігерім мен ұйқысыз дайындалған түндерім өз нәтижесін бергеніне өте қуаныштымын. Олимпиаданың арқасында мен көптеген жаңа білім алдым. Әсіресе ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылмен айналысатын FATF ұйымының қызметі туралы ақпарат алдым», – деді Тоғжан Ілиясова.

Айта кетейік, өткен жылы MNU студенттері V Қаржылық қауіпсіздік бойынша халықаралық олимпиадасының вице-чемпионы атанды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз