Maqsut Narikbayev University-де білім мен ғылыми ортаны дамытудағы коучингтің рөлі талқыланды. Жоғары оқу орнында сарапшылардың қатысуымен мемлекеттік тілдегі алғашқы дөңгелек үстел өтті.
«Коучинг білім мен ғылымды дамытудың құралы ретінде» тақырыбындағы іс-шара Халықаралық коучинг апталығы аясында Халықаралық коучинг федерациясының (ICF Kazakhstan Charter Chapter) қазақстандық бөлімшесімен бірлесіп өткізілді. Академиялық қауымдастық өкілдері, кәсіби коучерлер, HR мамандар коучингтің заманауи құзыреттерді қалыптастырудағы және кәсіби өсуді қолдаудағы рөлі туралы пікір алмасты. Сарапшылар коучингті ғылыми-зерттеу жұмыстары тиімділігін арттыратын және стратегиялық басқаруды жетілдіретін маңызды инфрақұрылымдық элемент екенін атап өтті.
Айта кетейік, Халықаралық коучинг федерациясы 140-тан астам елде 50 мыңнан астам сертификатталған мамандарды біріктіретін әлемдегі ірі кәсіби ұйым.




