Maqsut Narikbayev University басшылығы Оңтүстік Қытай технологиялық университетінің өкілдерімен кездесті. Тараптар академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады.
Келіссөздер барысында студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту мәселелеріне баса назар аударылды. Сондай-ақ бірлескен қос диплом бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін талқыланды. Тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға, халықаралық өзара іс-қимылды кеңейтуге және бірлескен білім беру және зерттеу жобаларын жүзеге асыруға өзара мүдделілігін растады.
Оңтүстік Қытай технологиялық университеті Қытайдың жаратылыстану ғылымдары мен инженерия саласындағы білім беру бағдарламаларын ұсынатын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет 1952 жылы Гуанчжоу қаласында құрылды. Бүгінде ол ҚХР жетекші жоғары оқу орындарының ТОП-30 рейтингіне кіреді және әлемнің үздік жоғары оқу орындары ТОП-500 рейтингінде орын алады.
Айта кетейік, бұған дейін MNU Ланьчжоу университетімен меморандум жасасқан болатын.






