Maqsut Narikbayev University Ланьчжоу университетімен меморандумға қол қойды. Жоғары оқу орындары білім беру және ғылыми зерттеулер саласында ынтымақтасатын болады.
Келісімге Ланьчжоу қаласындағы (ҚХР) II Мемлекеттік басқару және орнықты даму жөніндегі Қытай-Орталық Азия форумы аясында қол жеткізілді. Форумға MNU Құқық жоғары мектебінің деканы Ольга Бектібаева қатысты. Ол сондай-ақ әлеуметтік әділеттілік саласын реттеу мүмкіндіктері мен цифрлық мемлекеттердің құқықтық шектеулері туралы баяндама жасады.
Меморандумға Ольга Бектибаева мен Ланьчжоу университеті Құқық мектебі партиялық комитетінің хатшысы Сылун Ту қол қойды. Келісім академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруды және бірлескен ғылыми зерттеулер, конференциялар, семинарлар мен симпозиумдарды ұйымдастыруды қамтиды. Сонымен қатар тараптар докторлық диссертацияларға бірлесіп басшылық жасауды және оқытушылардың ғылыми тағылымдамаларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Ланьчжоу университеті Қытайдың ең мықты жоғары оқу орындарының ТОП-50 рейтингіне және әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарының ТОП-500 рейтингіне кіреді. Ол 1909 жылы құрылып, Аспан асты елінің солтүстік-батысындағы заманауи үлгідегі алғашқы университет болды. Жоғары оқу орны 35 зерттеу институтын басқарады және 200-ден астам білім беру бағдарламасын жүзеге асырады.
Айта кетейік, бұған дейін MNU-да Шанхай саяси ғылымдар және құқық университетімен бірлесіп қазақ-қытай ынтымақтастығының құқықтық архитектурасын талқылауға арналған халықаралық конференция өткен болатын.




