MNU Logo
MNU студенттері Статистика бойынша халықаралық олимпиада-фестивалінде жүлделі орындарға ие болды - MNU

28.05.2026

MNU студенттері Статистика бойынша халықаралық олимпиада-фестивалінде жүлделі орындарға ие болды

Maqsut Narikbayev University студенттері Статистика бойынша IV халықаралық студенттік олимпиада-фестивалінде жүлделі орындарға ие болды. Олар 8 мемлекеттен келген қатысушылар арасында үздіктер қатарында болды.

Олимпиада осы жылдың 19-21 мамыр аралығында Мәскеу қаласындағы Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінде өтті. Іс-шараны ТМД Атқарушы комитетінің қолдауымен ТМД Мемлекетаралық статистика комитеті ұйымдастырды. Сайысқа Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстаннан60-тан астам студент қатысты.

Олимпиаданың негізгі тақырыбы – елдердің көпжылдық ынтымақтастығын бейнелейтін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 35 жылдығы. Қатысушыларға білімдерін, талдамалық қабілеттерін және статистикалық әдістерді іс жүзінде қолдана білуін көрсету керек болды. Іс-шара бағдарламасында командалардың шығармашылық қойылымдары, жеке тестілеу, командалық баяндамаларды қорғау және статистиканың өзекті мәселелері мен оның қазіргі әлемдегі рөліне арналған тақырыптық пікірталастар болды.

Олимпиада барысында MNU Халықаралық экономика мектебінің студенттері Аслан Сейдалин, Аида Огай және Никита Пильцов еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтық факторлары бойынша ТМД елдерінің деректерін панельдік талдау жөніндегі жобаны ұсынды. Жарыс қорытындысы бойынша Аида Огай Ресей Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының Алтайлық филиалы мен Әзербайжан мемлекеттік экономикалық университетінің бәсекелестерінен озып, жеке біріншілікте бірінші орынды иеленді. Бұдан басқа MNU командасы «Өзекті тақырыпты баяндау» және «Қарсыластардың көңіл аударуы» номинацияларын жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін MNU студенттері «Asia Zangeri 2026» Орталық Азия ойын сот процестері байқауының жеңімпаздары атанған болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз