MNU Logo
MNU-да жылдың үздік оқытушылары анықталды - MNU

08.06.2026

MNU-да жылдың үздік оқытушылары анықталды

Maqsut Narikbayev University-де «Жылдың үздік оқытушысы» байқауы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздар Вьетнамға жолдамамен марапатталды.

Байқауға қатысу үшін барлығы 50-ден астам өтінім берілді. Жеңімпаздарды анықтау мақсатында студенттердің, Академиялық сапа комитеттерінің және жоғары мектептердің басшылық құрамының оқытушылар қызметін бағалау көрсеткіштері қарастырылды. Байқау ашық әрі жария түрде өтті.

Құрмет грамоталары мен Вьетнамның ең үздік қонақ үйлерінің бірінде екі адамға арналған бір апталық демалыс сертификаттарын жеңімпаздарға MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев табыс етті. Ол жеңімпаздарды және университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын оқу жылының аяқталуымен құттықтады. Байқаудың мақсаты – оқытушылардың жоғары жетістіктерін ынталандыру және көтермелеу, сондай-ақ оқыту сапасын арттыру.

MNU Құқық жоғары мектебі атынан 2026 жылғы үздік оқытушысы Әйгерім Құсайынқызы атанды. Ол университетте бір жарым жыл бойы жұмыс істейді және «ҚР Конституциялық құқығы» мен «Құқық теориясы» пәндерін жүргізеді. Сондай-ақ Монреаль университетінің (Канада) халықаралық құқық магистрі, мемлекеттік басқару саласындағы PhD кандидаты, адам құқықтары, гендерлік теңдік және конституциялық құқық салаларындағы белгілі сарапшы.

MNU Халықаралық экономика мектебі атынан 2026 жылғы үздік оқытушысы ретінде Сағади Қисықов танылды. Ол университет командасына 2024 жылдың күзінде қосылды және «Сыртқы саясатты талдау» мен «Халықаралық қауіпсіздік» пәндерін жүргізеді. Оңтүстік Калифорния университетінің (АҚШ) іскерлік әкімшілендіру, халықаралық мемлекеттік басқару және менеджмент магистрі, мемлекеттік басқару және саясаттану саласындағы PhD кандидаты, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік, бітімгершілік операциялар, стратегиялық жоспарлау және талдамалық зерттеулер салаларында тәжірибелі сарапшы.

MNU Жоғары гуманитарлық мектебі атынан 2026 жылғы үздік оқытушысы Айзат Жақсылық атанды. Ол университетте алты жыл жұмыс істейді және «Базалық шет тілі (I, II)», «Cambridge English B2+, C1, C1+» мен «Шет тілін оқыту әдістемесінің тарихы» пәндерін жүргізеді. Студенттер мен магистранттарға арналған академиялық жазылым бойынша семинарлардың ұйымдастырушысы, сондай-ақ сабақ жүргізудің жаңа тәсілдері бойынша оқытушыларға шеберлік сыныптарын өткізіп, Астана қаласы студенттері арасында танымал «UniQuiz» зияткерлік квизды ұйымдастырады.

MNU Халықаралық журналистика мектебі атынан 2026 жылғы үздік оқытушысы ретінде Қалима Тәжіқұл танылды. Ол 2024 жылдың желтоқсанында университет командасына қосылды және «Қазақстан медиаиндустриясының даму тарихы», «News writing I», «Жаңалықтар журналистикасы II» пәндерін жүргізеді. БАҚ саласындағы тәжірибелі сарапшы, медиа сыншы, кітап редакторы, сондай-ақ Журналистика бойынша республикалық пәндік олимпиадада студенттердің тәлімгері.

Айта кетейік, жақын арада «Жылдың үздік қызметкері» байқауының жеңімпазы анықталады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз